Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды

/image/2023/02/03/crop-0_16_439x780_46a29ea8-4a82-47d6-b16d-ff41a7aca7db-780x470.jpeg

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотында журналист Махамбет Әбжанның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.

Журналист тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Сот отырысы жабық форматта өтті. 

Сот журналист Махамбет Әбжанды ҚК-нің 274-бабының 3-бөлігі – «Азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан көрінеу жалған мәліметтерді тарату» және Қылмыстық кодекстің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы – «Аса ірі мөлшерде бопсалау» баптары бойынша айыпты деп тапты.

Махамбет Әбжанды өткен жылдың 3 шілдесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстаған. Ол кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалады деп айыпталған. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар