Бұрынғы энергетика вице–министрі Қаржы министрлігінен 10 млн теңге өндіріп алды

/image/2023/04/06/crop-42_11_515x916_1680757514e1f49_1000x768.jpg

Бұрынғы энергетика вице–министрі Анатолий Шкарупа Қаржы министрлігінен 10 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлады Тengrinews.kz 

Ол заңсыз қудалау және қамау кесірінен моральдық шығын алғанын алға тартып, өтемақы талап еткен.  Бұған дейін Анатолий Шкарупа бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып, кейін ақталып шыққан болатын.

"Бұрынғы вице–министр Қаржы министрлігінен 10 млн теңге көлемінде өтемақы талап етті. Сот қорытындысы бойынша,  ол заңсыз қудалау кесірінен моральдық зардап шеккен болып танылды", – деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар