“Астанада ұсталғандарды босатпасаңдар, Жаңаөзенді көтереміз!” (видео)

/image/2023/04/11/crop-26_14_695x1236_photo1681230202.jpeg

Әлеуметтік желіде Жаңаөзен тұрғындарының видеоүндеуі жарияланды. Олар видеоүндеуде Астана қаласында наразылыққа шыққан әріптестерінің босатылуын талап еткен. 

"Егер Астанадағы әріптестерімізді бостандық бермесеңіздер Жаңаөзенді көтереміз. Әділдік сұрап барған жігіттермен біз біргеміз! Жаңөзен жігітерін қудалау тоқтатылсын!" делінген видеоүндеуде. 

Еске сала кетсек 11 сәуірде бір топ жаңаөзендіктер Астана қаласындағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикет ұйымдастырған болатын. Олардың наразылыққа шығуына жұмыссыздық себеп болған. Наразылыққа шыққан жаңаөзендіктер түні бойы көшеде болған.  

"Бералы Маңғыстау" компаниясы тендерден ұтылып, барлығы жұмыс орындарынан айырылған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар