Астанадағы боранға байланысты Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысына бара алмаған

/image/2023/04/17/crop-19_7_649x1153_643cce5154109425897968.jpeg

Астана қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотында экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты іс бойынша сот отырысы басталды. 

Тергеу мәліметтері бойынша, А.Мұхамедиұлы, А.Нұразхан, А.Көшенов және А.Садуақасоваға бюджет қаражатын талан-таражға салу бойынша айып тағылған.

"Ақша жымқырды деп айыпталған бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ауа райына байланысты сотқа жеткізілмейді. Сотталушы zoom - да бейнеконференция арқылы алдын ала тыңдауларға қатысады", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, 2022 жылы мамыр айында Арыстан Мұхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болды. Оған қатысты халықаралық көрмелерді өткізуге бөлінген 140 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдік бойынша қамауға алуға санкция берілді.

Сондай-ақ Арыстанбек Мұхамедиұымен қатар, бюджет қаражатын ұрлады деген айыппен А. Ш. Нұразхан, А. Қ. Көшенов және А. Т. Сәдуақасовтар сотта жауап беруде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар