Тарихшылар оқиғаның хронологиялық есебін шығарудан басқаны білмейді

/uploads/thumbnail/20170708200337252_small.jpg

Құндыздың  даңқын шығарған оның түгі болғанымен, сол түктер құндыздың өзі үшін қымбат зат емес. Ол тіпті өзіне аса мәнді болып есептелмейтін заттың қалайша даңқын шығарып жүргеніне таң қалған болар еді. Тарих та- сол. Оған адамның ізгі арманы, мәнді мақсаты, махаббаттары қажет емес. Ол адамдардың бойынан өзіне керегін ғана алады. Егер сан мыңдаған адамдардың әруақтарын тірілтіп алса, олар да өздері үшін соншалық маңызды емес заттардың тарихта дәріптелгеніне қарап, әлгі құндыз секілді қатты таң қалған болар еді. Тіпті қайдағы бір мағынасыз, жаңсақ мақсаттармен салынған әуре пирамидалар тарихта қалады, ал ең маңызды зат-осыны салған адамдардың ауыр азабы, қайғы-қасіреті, көз жасы қалмайды... Тарихшылар тарихи оқиғаларға адамдық  қасиет, әділет тұрғысынан келудің орнына оқиғаның сыртқы нәтижесі мен хронологиялық есебін шығарудан басқаны білмейді. Олар үшін тарихи оқиғалар кім жеңсе, солардікі жөн, солардікі қажеттілік, солардікі әділ... Яғни Македонскийдің қанды жорықтары қажеттілік, Цезарьдің, Шыңғысханның, Наполеонның қанды жорықтары тарихи қажеттілік... Бірақ сол тұста төгілген қан мен көз жасының, жан азабының не екенін бұлар түсіне ме? Егер сол тұста  құрбан болған бір адамның рухын қайта тірілтіп әкеліп, лабораторияда тексерер болса (егер сондай бір мүмкіндік болса), сол жалғыз адамның жүректі қалжыратар ащы үнінен осынау тоғышар тарихшылар қанша затты түсінер еді. Ал сол ащы қарғысты мың-миллион есе,миллиард есе көбейтсеңіз, осы сұмдықты бес секунд естіп, төзуге кімнің жүрегі шыдар еді?

Төлен Әбдікұлы, «Ақиқат» повестіндегі  Роберттің сөзі

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар