Қазақстан әуежайларында шекара бақылауынан өту жеңілдетіледі

/uploads/thumbnail/20250120123059169_big.webp

Көлік министрлігі әуежайларда шекаралық бақылаудан өту рәсімін жолаушылар үшін жайлырақ ететін бұйрық жобасын жариялады.

Тиісті бұйрық жобасы ел әуежайларында паспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Құжатқа сәйкес, шекаралық бақылаудан өтудің қарапайымдылығы мен жылдамдығын қамтамасыз ету үшін:

  • Жолаушылардың ұшу/қону процедураларын өту уақытын реттейтін және Шекара қызметімен келісілген әуежай стандарты болуы қажет;
  • Процедураларды өту талаптары туралы жолаушыларға қолжетімді ақпарат болуы қажет;
  • Паспорттық бақылауда жолаушыларға қызмет көрсету жылдамдығының Шекара қызметімен келісілген стандарттары және олардың орындалуын бақылау болуы қажет;
  • Жылына 1 миллионнан астам жолаушыны қабылдайтын әуежайларда паспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің болуы қажет (әуежай операторының міндеті).

Сонымен қатар, құжатқа сәйкес, шекаралық бақылау қызметі персоналының сыпайылығы мен сәлемдесуі төмендегілерді қамтамасыз етуі тиіс:

  • Жолаушылар ағынына байланысты және өткізу аймағының өткізу қабілетін жедел арттыру мүмкіндігіне қарай шекаралық бақылау қызметі персоналының тәуліктік жұмыс кестесінің болуы және оның әуежаймен келісіліп бекітілуі;
  • Қызмет персоналының сыртқы келбетіне қойылатын талаптардың стандартының болуы және оның орындалуын бақылау.

Жоба "Ашық НҚА" порталында орналастырылған және 31 қаңтарға дейін көпшілік талқылауына ашық.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар