Бағдаршам іспетті бас құжат

/uploads/thumbnail/20170708200711081_small.jpg

Елбасының бес институттық реформасы мен «100 нақты қадам» – халықтық рефор­ма­сы шын мәнінде, болашақты болжаған жоба. Мұ­ның болашағы жарқын.
Қазірдің өзінде оның тиімділігіне қатысты отандық қана емес, шетелдік сарапшылар да өз баға­сын бе­руде. Осыған қатысты Қызылорда об­лысы экология депар­та­менті­нің басшысы Марат Құрманбаев өз пі­кірін білдірген еді.
«100 нақты қадам». Бұл – жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап. Атқарылған іске тоқмейілсіп, арқаны кеңге салуға бол­май­тынын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қашан да қаперге салып келеді. Президент бұл құ­жатта кәсіби мемлекеттік аппарат құруды міндеттеп, ашықтыққа басымдық беруді жүктеді. Бұл ретте сала мамандарының жа­лақысы қызмет сапасы мен оң нәтижесіне қарай жоғары болуы керектігі ескеріледі. Жаңа заңнамаларды әзірлеу барысында жем­қорлыққа қарсы күресті күшейтіп, құ­қықбұзушылықтың алдын алатын арнайы бөлім құру қажеттілігі де айтылды. 
І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ. 1-қадам. Мемлекеттік қызметке қа­былдау рәсімдерін жаңғырту. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымнан бас­талуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев халықтың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдетіп, судьялыққа үміткерлерді іріктеуде біліктілік талаптарын қатайту қажеттігін алға тартты. Сонымен қатар олардың есеп беру тәртібін күшейтуді атап айтып, айрықша тапсырды. Сот рәсімдерін оңайлату және сот про­цес­терін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурорлардың қатысуын қысқарту да сөз болды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар мен қоғам­дас­тыққа есеп беретін жергілікті полиция қыз­метін құру тапсырылды. ІІ. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. 17-қадам. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талап­та­рын қатайту. Міндетті түрдегі талап – сот іс­терін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судья­лық­қа үміткерлер соттарда стипендия төленетін 1 жылдық тағылымдамадан өтеді. Бір жыл­дық тағылымдамадан кейін судья бір жыл­дық сынақ мерзімінен өтеді. Басты басым­дық берілген институттық реформа­ның үшін­шісі – индустрияландыру және эко­но­микалық өсім бағыты. «100 нақты қадам­ның» 49 қадамы осы салаға тиесілі екенді­гінің өзі оның қаншалықты маңызы барын анық аңғартады. Мұнда ауылша­руа­шылық жерлерін тиімді пайдалану, салық және кеден саясаты рәсімдерін оңтай­лан­дыруға дейін қамтылған. Экспорттық және им­порттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «бір терезе» қағидатын енгізу де көзделген. Қа­зақстанның әлемдік нарыққа шығуы, ет-сүт өнімдері өндірісін дамыту, халықара­лық хаб құру, стратегиялық инвесторларды тарту мін­деті бар. Осы орайда Алматы іргесінен әлем­дік стандартқа сай келетін халықара­-лық жаңа әуежай салу да жоспарда тұр. 
ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ. 70-қадам. «Ас­тана EXPO – 2017» инфрақұрылымдары арқауында арнаулы мәртебе бере отырып, Астана халықаралық қаржы орталығын құ­ру. Қаржы орталығының ерекше заңды мәр­тебесін Конституцияда бекіту. Орта­лықты ТМД, сондай-ақ Батыс және Орталық Азия­ның барлық өңірлерінің елдері үшін қаржы хабы ретінде қалыптастыру. Өзіндік заңды­лықтары бар тәуелсіз сот жүйесін құру, ол ағылшындық құқық қағидаттарымен қызмет істейтін болады. Судьялар корпусы шетелдік мамандардан құрылады. Болашақта Қазақ­станның қаржы хабы әлемнің 20 алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарының қатарына енуі тиіс. Төртінші бағыт – біртектілік пен бір­лік. «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жоба­­сын әзірлеу арқылы білім беру сала­сындағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құн­ды­лықтарын енгізу, «Қазақстан – 2050» стра­тегиясын жүзеге асырудың жүйелі талабына сақадай-сай келетін жұмысшы рөлін және кәсіптік-техникалық маман­дықтардың ар­тықшылықтары мен таны­малды­лығын на­сихаттауға бағытталады. 
ІV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК. 86-қадам. Қазақстан халқы ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, ол қазақстан­дық­тардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бү­тіндігін қалып­тас­тыру үшін жағдай туғы­зады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының ту­ристік саласын дамы­тудың 2020 жылға де­йінгі тұжырымдама­сын (ішкі туризмді да­мы­туды қоса есепте­генде) және «Астана –Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мә­дениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Кас­пий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік клас­терлерін құ­руды жүзеге асырумен бай­ланыстырылады. Бесінші бағыт – есеп беретін мемлекет қа­лыптастыру. Мемле­кет­тік жоспарлаудың ықшам жүйесін қалып­тастыра отырып, би­ліктегі ашықтыққа ба­сымдық берілген. Әсі­ресе, мемлекеттік ор­-талық органдардың ста­тистикалық база мә­ліметтеріне онлайн-қолжетімділік қамта­масыз етілуі тиіс. Өзін-өзі реттеу және жер­гілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту ар­қылы халықтың әділ ше­шім қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігі кеңейе түседі. Атап өтетін тағы бір жайт, шал­ғайдағы ша­ғын елді мекендерде жергі­лікті өзін-өзі бас­қарудың дербес бюджеті енгізілетін болады.
V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМ­ЛЕКЕТТІ ҚА­ЛЫП­ТАСТЫРУ. Кана­дадағы Canada Servіce және Австралиядағы Centrelіnk үлгісі бо­йын­ша мемлекеттік қыз­меттердің бірыңғай провайдеріне айнала­тын «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру. Мемлекеттік корпо­рация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйе­-ге интеграциялайды. Қазақстан азамат­тары мемлекеттік қыз­мет­терді бір жерден алатын болады. Мемлекеттік қызметтің сапа ме­недж­ментін ІSO 9000 се­риясына сәйкес халықаралық сертифи­кат­тау. Ендігі меже – Елбасы елеп-екшеп, ба­ғыт-бағдарын айқын­дап берген нақты мін­деттерді мінсіз орындау болмақ.
Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қа­тарына ниетті. Оның басты негізгі – сәтті кәсіпкерліктердің дамуы. Біздің «2050» стра­тегиясы – елдің 30 дамыған мемлекеттің қа­­тарына енуіне ықпал жасайтын даму бағ­дарламасы. Барлық бағдарлама жобалар соған бағытталған.
«100 нақты қадам» елімізде «2050» стра­те­гиясын жүзеге асырумен қатар Қазақстан мем­лекеттілігін нығайтуға, негізгі бағыттан ас­пауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағ­дай жасайтын бағдаршам іспетті. Пре­зи­денттің басты назар аударуының арқа­сында Сыр өңірінде экологияны жақсарту бағы­тында үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. 
Әлемде мұхит пен мұхитты қосқан арна­лар бар, бірақ құрғап қалған теңізді қайта қалпына келтірген жобалар – жоқтың қасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастама­сымен қолға алынған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» жобасының жүзеге асыры-луы – осының жарқын мысалы. Әлемдік қауым­дастық Кіші Арал теңізінің қайта ора­луын жоғары бағалап, оны «ғасыр жобасы» деп атады. 
Елбасы сонау тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дары экологиялық аймақтағы Қызыл­ордада бес мемлекет басшыларының басын қосып, алғаш рет Арал проблемасын ха­лықаралық деңгейде талқылады. Арал эко­логиясы әлемнің ортақ проблемасы екеніне жер жүзі қауымдастығының көздерін жет­кізіп, оны сауықтыру жолында көп күш-жігер жұмсады. 
Осы кезеңде буыны бекімеген жас мемле­кеттің басқа да қиындықтары көп болғанына қарамастан, халықты осынау қасіреттен құт­қа­руға белсене кірісуі үлкен ерлік еді. Соның нәтижесінде Кіші Аралды сақтап қалудың идеясы – САРАТС жобасы дүниеге келді. Жобаның алғашқы кезеңінде теңізді бөліп тұратын 14 шақырым Көкарал бөгеті тұрғы­зылып, Ақлақ тоспасы салынды. Сырдария өзенінің арнасы реттеліп, Қараөзек, Әйтек тоспалары қайта жаңғыртылды. Кіші Арал­дың суы бұрынғы жағалауына жетіп, теңіз акваториясы бес есе ұлғайды. Аймақтың ауа райы жақсарды. Байырғы балық шаруашы­лығы қайта өркендеді. Қаладан 75 шақы­рым­ға қашықтап кеткен теңіз қазір 17 шақы­рымға жақындады. Теңіз тағдыры Орта Азия мемлекеттеріне ортақ болса да, бірде-бір ел мұндай істі қолға алмаған еді. 
Аралдың қайта оралуы аймақтағы дәс­түрлі балық шаруашылығының қайта жан­дануына серпін берді. Соның нәтижесінде тұзданған судың көлемі азайды. Бұрын те­ңізде балықтың екі-ақ түрі болса, қазір 22 тү­рі бар. Бүгінгі таңда одан 4,5 мың тоннадай балық ауланатын болса, болашақта 30 мың тонна өнім алуға мүмкіндік туды. 
Елбасы Аралға сапарында жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруға тапсырма берген болатын. Қазіргі таңда САРАТС-2 жобасын жүзеге асыру қолға алынып, оның 6 компоненті мақұлданды. Жалпы алғанда, екінші кезеңнің іске асырылуы жаңа мүм­кіндіктерге жол ашады. 
Бүгінде екі ауданда қазіргі заманғы техно­логиямен жабдықталған бірнеше балық зауыты жұмыс істейді. Биылғы жылы құра­мында «Байқоңыр» ӘКК ҰҚ, балық инсти­тутының Арал филиалы және 19 балық ша­руа­шылығы мен мүдделі ұйымдар кіретін балық консорциумы құрылды. Бұл өнді­рілген өнімнің өңделуіне жол ашып, оны Ресей, Украина, басқа да елдерге экспортқа шығаруға мүмкіндік беріп отыр. 
Арал жұртшылығы Елбасының тікелей қамқорлығын көріп, бүгінгі ұстанған сая­саты­ның жемісін нақты сезініп отыр. Ха­лықтың өз Президентіне ықыласы айрықша. Құрғап қалған теңіздің қайта оралуы халық­тың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, ертеңге сенімін еселей түсуде. Әлем жұртшылығы ға­сыр жобасы атаған ұлан-ғайыр істің шара­патын, ғажайып жемісін халық көруде.

 

"Қамшы "сілтейді

Дереккөз: Айқын-ақпарат

Қатысты Мақалалар