Дамыған елдерде - 4-5 пән, Қазақстанда 16 пән оқытылады - Сенатор

/image/2024/06/06/crop-0_43_677x1204_1200x720_gxs8jfubgujupzopve07tfy8ynyxwm3lxej2jgyv.jpg

Сенатор Алтынбек Нухұлы елдегі оқушылардың шамадан тыс оқу жүктемесі туралы мәселе көтерді. 

-Бүгінгі күні сапалы білім беру жағынан озық елдер Жапония, Оңтүстік Корея, Финляндия және Канада сияқты елдерде мектеп оқушылары 7-8 сыныпта нақты ғылым салаларына қатысты 4-6 пән оқыса, ал Қазақстанда 15 пән, ал 9 сыныпта тіпті 16 пән оқытылады. Бізде міндетті оқу пәндерінің саны 2,5 есе көп. Мұндай шамадан тыс пәндердің жалпы саны әлемдегі бірде-бір дамыған елде жоқ. Бізде химия, биология, география сияқты оқу пәндері жеке-жеке пән ретінде 578 сағат көлемінде, ал аталған мемлекеттерде осы пәндер топтастырлып, бір ғана "Ғылым" пәні деп оқытылып, 324 сағатты қрайды.  Соған қарамастан, соңғы 15 жылдағы халықаралық PISA зерттеуінің қорытындысы бойынша осы елдердегі оқушылардың жаратылыстану ғылымы бойынша сауаттылығы жоғары болып отыр", - деді ол өзінің депутаттық сауалында.  

Сенат депутаты мектептегі міндетті пәндер санының шамадан тыс көп болуына субъективті факторлар әсер еткенін айтты.

-Қазақстанда мектеп оқушыларына тақырып бойынша шамадан тыс көлемді ақпарат беріледі және оқулықтардың тілі ауыр әрі ғылыми сипатта беріледі. Озық елдің тағы бірі – Ұлыбританияда керісінше ақпарат көлемді емес, тақырыптар тәжірибеге бағытталып, күнделікті өмірдің жағдаяттарымен байланыстырылып оқытылады. Басқаша айтқанда, оқушының алдағы өмірінде прагматикалық тұрғыдан қаншалықты маңызды екенін түсіндіруге көп көңіл бөлінеді, яғни оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыратын нәтижеге бағдарланған білім беріледі. Орта білім беру саласында сапалы білім беру үшін, оқушыларға заман талабына сай білім беру мазмұнын жасау керек. Орта білім беру сапасын көтерудің Концепциясына сәйкесінше өзгерістер енгізілуі керек деп есептейміз, - деді Алтынбек Нухұлы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар