Осыдан шамамен бар жоғы 10 күн бұрын ғана Еуро Одақ Түркияны қатарына қосудан үзілді-кесілді бас тартқан болатын. Енді, міне, Брюссель Анкараға құшағым ашық деп жар салды. Күннің райында құбылған саясаттың бұл жолғы әрекеті Сирия босқындарына төтеп бере алмауына тіреліп отыр. Түйіні осы. Егер Анкара босқындарды енгізуге келісімін берсе, Түркия 2016 жылда ЕО-ның мүшесі болып шыға келмек. Меркель Ердоғанмен Анкарада өткен ресми кездесу барысында мәлімдеген болатын. Бұл туралы "Қамшы" порталы Euronews-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Брюссель мен Анкара арасындағы келісім шарт жұмыстары дереу басталатын болды. Алдымен ақша яғни, экономикалық байланысты бір жақты етіледі. Қалғаны бір жыл ішінде түйінделуі тиіс.
Бірақ екеуара қатынас оңай шешіле қалды деу қиын. Түркия өз тарапынан Еуро Одақпен қатынастарын түзегісі келеді. Брюсель болса Ердоғанға Сирияның босқындарын қабылдап алуды тапсырып отыр. Ол үшін 3 миллиард еуро болмекші. Бірақ Түркияның шенеуніктері бұл соманы жеткіліксіз деп табуда. Себебі Анкара қарамағында бүгіннің өзінде 2 миллионнан астам мигрант күн кешуде.
Түркия ЕО-ға кірген жағдайда біршама жағдайын түзеп алар еді. Біріншіден, Анкара қауіпсіз елдің астанасына айналады. Ал, Түркияда туризм дамитын болады. Себебі ЕО визасының құрамына кіреді.
Дәл қазір Түркияның ЕО-ға толық мүше болуына үлкен кедергі тұр. Оған себеп Кипр мен Түркия арасында аралдың солтүстік бөлігіне қатысты дау. Егер бұл түйткілді мәселе шешілетін болса, Түркияның ЕО қатарына қосылатын күн одан сайын жақындай түспек.
Аян АЗАМАТ
Пікір қалдыру