Алматы әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170708200941499_small.jpg

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жаңа орынбасарын таныстырды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы қалалық әкімдік баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұл лауазымға 20 қазан күні ҚР Президенті хаттамасының бастығы міндетінен босаған Румиль Таупықов тағайындалды. Р. Таупықов Президент хаттамасының бастығы лауазымына 2009 жылы тағайындалғаны, оған дейін хаттаманы басқарған Б. Байбектің орынбасары болғанын естеріңізге саламыз.

Р.Таупықов қала әкімдігінде әлеуметтік бағдарламалар мен халықты жұмыспен қамту, төтенше жағдай мен азаматтық қорғаныс,жолашылар тасымалы саласына жетекшілік ететін болады.

 

 

Қатысты Мақалалар