Ақтөбе қаласында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға баспана беріліп жатыр

/image/2024/07/04/crop-57_12_643x1143_su-taskyny.jpg

Дүние-мүлкі бүлініп, далада қалған 97 отбасы жаңа пәтерге көшіп үлгерген екен. Ал су басып, апатты деп танылған үйлер кезең-кезеңімен сүріліп жатыр.
Саяжай аумағындағы тұруға жарамсыз баспаналар ауыр техниканың күшімен бұзылып жатыр. Бұл жұмыстар тұрғындардың келісімімен жасалады. Ал жалғыз үйінен айырылған жұртқа пәтер кілттері табысталып жатыр.

Қалада жер үйлер салынып жатқан жоқ. Халыққа тек жаңа және екінші нарықтағы көпқабатты үйлерден баспаналар беріледі. Жалпы өңірде бағалау комиссиясы жұмысын әлі аяқтаған жоқ. Сондықтан нақты қанша үйдің апатты екені әзірге белгісіз.
Сонымен қатар жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрғындарға өтемақы төленіп жатыр. Бүгінгі таңда 2 жарым мың отбасына 9 миллиард теңгеге жуық қаражат берілген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар