«Алматы» арнасына жаңа басшы тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170708201034224_small.jpg

«Алматы» телеарнасына басшы болып Әлібек Әлденей тағайындалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 
31 жастағы Әлібек Әлденей бұған дейін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры ақпараттық-талдау департаментінің менеджері қызметін атқарған. Жаңа басшы арна ұжымына кеше таныстырылып, бүгін қызметке кірісіп отыр.
Бұған дейін телеарнаға басшылық еткен Сергей Куянов «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып тағайындалған еді. 

Қатысты Мақалалар