Маңғыстау- моншақтаған көздің жасы. Қазақ тағы да қасыретті кезеңге қадам басты

/uploads/thumbnail/20170708201045771_small.JPG

Орынбордағы "Ясная" алаңынан ұшырылатын зымыран қалдықтары Маңғыстау өңіріне құлайтын болды. Бұл  туралы «Қамшы» порталы http://qamshy.kz/home/show/2256   «Қазақстан  120 миллион  теңгеге Ресейден у сатып алатын болды»  деген атпен материал да ұсынған болатын. Маңғыстаудың не күнасы бар еді? Тәуелсіздік жылдарынан бергі экономикамыздың негізгі тұтқасы мұнайға байланысты дамығанын кім жоққа шығара алады? Ендеше, мұнай қазандықтарының қаспағы көрініп, әлемдік деңгейде қара алтынның құны қаша бастағанда мұнайлы өлкеге у төге беруге болады деген сөз ба?

Қалдықтардың қай аумаққа құлайтыны мен жер  көлемі  де әлі нақтыланбаған. Бір анығы, Маңғыстау өңірі зымыран қалдықтары үшін қомақты қаражатқа ие болады-мыс. Бұл сомма жылына шамамен жарты миллиард долларды құрамақ екен.Бұл қалай сонда, экономикалық дағдарыстан шығудың тағы бір тәсілі ме? Халқының денсаулығын ақшаға сарп ете салатын елді қайдан көріп едіңіздер?  Ресей президентінің Қазақстанға ресми сапары кезінде жасалған келісім жақын арада әрекетке көшеді. Неге біздің елдің тарапынан жасалған келісімнің барлығы қазақтың көзінен жас шығаратындай үнемі заһарлы  болады? ҚР Инвестиция және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков журналистерге берген мәлімдемесінде: "Маңғыстау облысы жерді жалға бергені үшін тиісті қаражатын алады. Менің білуімше шамамен 500 мың доллар көлемінде.  Сомма қомақты. Өйткені Маңғыстау облысының әкімдігі келісімді қуана мақұлдады. Бұл ақша облыс бюджетіне түседі. Зымыран қалдықтарына бөлінетін нақты территорияны айта аламаймын. Бірақ үлкен емес", - деген екен.

Біз әдетте бір бүйрегін сатамын деген бір қазақты көрсек, барымызды салып талқылаймыз. Иа, миллиондар ішінде бір адамның бүйрек сатуы-сөз бе, тәйірі?! Ал, Маңғыстаудың жеріне у себілу туралы шешім- қазақтың, яғни бүтін бір ұлттың бір мүшесін сатқанмен бірдей емес пе?  Енді біз бауырмалдығынан айрылып, тасбауырға айналған ұлт қана емес, бүйрегі бүлк етпейтін қазаққа айналамыз. Иа, аспаннан алып зымыранның қалдығы құлап жатса да қыңқ етпейтін не деген мықты қазақ едік. Тым құрығанда көзіңнен бір тамшыны мөлт еткізіп қойсаңшы. Әлде ол мықтылығымызға сын ба?

Айнұр Төлеу

 

Қатысты Мақалалар