Алматыда 6 автокөлік соқтығысып қалды

/uploads/thumbnail/20170708201058521_small.jpg

Алматыдағы Біржан сал көшесінде алты бірдей автокөлік соқтығысып қалды,-деп хабарлайды «Қамшы» порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Біржан көшесінің Мұстафин көшесімен қиылысатын тұсында шығыс бағытта кетіп бара жатқан БМВ автокөлігі жол жиегінде тұрған Ниссан көлігін барып соққан. Соққы салдарынан ол алдында тұрған Тойота көлігін, ал, Тойота жанындағы Ладаны соққан. Оқиғаға кінәлі БМВ көлігінің жүргізушісі рөлге мас күйінде отырған деген күдік бар. БМВ көлігі Нисаанның алдында тағы бір Тойота маркалы машинаны соғып кеткені белгілі болды.

Қатысты Мақалалар