Бірлігі жарасқан мекен

/uploads/thumbnail/20170708201108662_small.jpg

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мемле­кеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының кеңейтілген мәжілісі болып өтті.
Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, ҚХА Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы депуттаттар мен мемлекеттік органдар және этномәдени орталықтардың, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиналғандар алдында сөз алған Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әб­діқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық ре­фор­масы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мем­лекеттік және қоғамдық институттардың жұмысын тереңнен қайта форматтау­ды көздейтінін атап көрсетті. Осыған байланысты қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ететін негізгі институт­тардың бірі ретінде Қазақстан халқы ассамблеясының рөлі барынша арта түс­пек. Кеңейтілген мәжілісте ҚХА жылы қарсаңында белгілен­ген іс-шаралардың, атап айтқанда, «Бейбітшілік пен келісімнің жол кар­тасы» мега жобасын, «ҚХА – 20 ізгі іс» республикалық акциясының іске асырылу барысы, Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық кеңесі қыз­метінің қорытындылары, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблея­сының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы қаралды. ҚХА Кеңесі оты­рысының қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әб­діқалықова Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін одан әрі ны­ғайтуды көздейтін бірқатар нақты тапсырмалар берді. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғ­жанов «Елбасы Жарлығымен жарияланған Қазақстан халқы ассамблеясы жылы елімізде, барлық өңірлерде, алыс ауылдарда, елді мекендерде және шет елдерде қоғамдық келісім мен ел бірлігінің қазақстандық үлгісі салтанат құрған, тарихи жеңістер жылына айналды. Ассамблея жылының айтулы жаңалығының бірі Елбасы­мыз Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» – Ұлт жоспарының» жариялануы болды. Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» бағытының негізгі іске асырушы механизмі ретінде Қазақстан халқы ассамблеясы белгіленіп отыр» деп атап өтті.
– Шындығында да биылғы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы­-на – 20, Ата заңға – 20, Қазақ хандығы – 550 жыл, Жеңіске – 70 жыл толды. Биылғы жылғы Президенттік сайлауда халық үлкен таңдау жасады, президенттік сайлау Ұлт көшбасшысы, мемлекет басшысының дара жеңісімен аяқталды. Біздің ел «Бес институттық реформа және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Жақында ғана патриоттар форумы өткізіліп, жалпыұлттық патриоттық «Мәңгілік ел» идеясын талқыладық, – деді өз сөзінде Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Е. Тоғжанов. 
Бүгінгі кеңеске Бүкіләлемдік рухани келісім конгресінің тең­төр­аға­сы Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Иосиф Кобзон, Этика ин­ститутының ректоры, австриялық Вильгельм Аугустата, Ресей хал­қы ассамблеясының төрағасы Светлана Смирнова, және тағы басқа мемлекеттерден өкілдер қатысты. 
 Бүгінгі таңда Ассамблеяның басты мақсаты – бес реформаны жүзеге асыру және біртұтас болашақтың ұлтын қалыптастыру болып отыр. Сондықтан оны жүзеге асыру қазақстандықтық бірлікті одан ары нығайтып, жалпыұлттық патриоттық идея «Мәңгілік елмен» біте қайнасатынына сенім мол.
Асылы ОСМАН, ҚХА мүшесі: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның биік мінберінен сөйлегенде, адам баласы үшін ең алдымен бірігу, өзара келісім және ұлттардың ұйысуы қажет екендігін ашық айтты. Бұл – бейбітшілік сүйгіш басшымыздың басты қағидасы! Осыдан тура жиырма жыл бұрын құрылған Қазақстан халқы ассам­блея­сы алғашқы күннен бастап, дәл осы мақсатта жұмыс істеп келеді. Таяуда елордамыз Астанада «Мәңгілік Ел – Біртұтас Болашақ Ұлт» республикалық патриоттар форумын ұйымдастыруға да ҚХА мұ­рындық болғаны ақиқат. Өйткені болашақ – жастардікі. Ал жастарды туған Отанын жанындай жақсы көретін, патриот яғни отаншыл етіп тәрбиелеу, бұл – Қазақстан халқы ассамблеясы алға қойған асыл мұ­раттардың бірі. Сондықтан бұл форумның да елімізде өмір сүріп жат­қан сан ұлт жастарының береке-бірлігін жарастырып, ынтымағын арт­тыруға қосатын үлесі зор. 
Анатолий БАШМАКОВ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің кафедра меңгерушісі, ҚХА мүшесі: Қазір кең байтақ Қазақстанның барлық облыстарында жекелеген ұлттардың мәдени орталықтары мен бірлестіктері қызмет жасайды. Осының нәтижесінде еліміздің әрбір аймағында тұратын ұлттар мен ұлыс өкілдері өздерінің кешеден бүгінге жеткен салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтап, оны ұрпақтан- ұр­паққа жеткізіп келеді. Бұл – әсіресе, ҚХА құрылуының 20 жылдық торқалы тойы қарсаңында жер-жерде жақсы көрініс табуда. Мұндай іс-шаралардың жүзеге асуына Ассамблеяның айрықша назар аударып, қамқоршы болып отырғаны ақиқат. Міне, сондықтан «Қа­зақ­стан» деп аталатын ортақ үйімізде ұлттардың бірлігі мен ынтымағы өркендей түсуде. 

Дереккөз: Айқын-ақпарат

Қатысты Мақалалар