Басты мақсат – ел аумағын әртүрлі төтенше жағдайлардан қорғау

/uploads/thumbnail/20170708201106928_small.jpg

Серік ӘУБӘКІРОВ, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары, өртке қарсы қызмет генерал-майоры:
Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар ко­митеті аумақтық және ведомстволық ба­ғынысты бөлімшелерін, күштері мен құ­ралдарын қоса алғанда 32 мыңнан ас­там жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін қазіргі заманғы қуатты жүйеге айналды. Осы жүйедегі адамдар күн­де­лікті жұмыс­та ерлік пен жанқиярлық та­нытады. ТЖ ко­митетінің құрамына 418 өрт сөндіру бө­лімшесі бар 16 өрт сөн­діру және авариялық-құтқару жұ­мыстары қызметі, 16 жедел-құт­қару жасағы, 5 өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы, республикалық же­дел-құтқару жасағы, дағдарыс жағдай­ла­рын­да басқару орталығы, апаттар ме­ди­­цинасы орталығы және 40 күре жол­дық медициналық-құтқару пункті, Көк­шетау техникалық институты, Қазсел­денқорғау, құтқару авиациясы бар «Қаз­авиақұтқару», «Өрт сөндіруші» және «Апаттар медици­насының те­мір жол госпитальдары» акцио­нерлік қо­ғамдары кіреді. Осы бөлімшелер ТЖ комитеті күштерінің негізін қа­лайды, бұл тұрақты сұраныста және тәулік бойы әзірлікте болатын күштер мен құралдар. 
Төтенше жағдайлар комитетінің басты мақсаты – еліміздің азаматтары мен аума­ғын әртүрлі төтенше жағ­дай­лардан сенім­ді қорғау. ТЖ комитетінде 3 800 өрт, ава­рия­лық-құтқару және ар­найы техника бар. 20 жылда 321 412 адам құтқарылды, 181 050 адам эвакуа­ция­ланды, 30 349 адамға ме­ди­циналық кө­мек көрсетілді, 1 025 783 рет ава­риялық-құтқару жұмыстарына шықты. 
Қазіргі таңда елді мекендерде Өрт сөн­діру және авариялық-құтқару жұ­мыстары қызметтерінің 418 өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істейді, олардың ішін­де 6 маман­дандырылған жасақ, 49 ма­ман­дандырылған өрт сөндіру бөлімі, 283 өрт сөндіру бөлімі және 80 өрт сөн­діру бекеті, олардың жа­рақтануында 2661 бірлік техника бар. Рес­публиканың өрт сөндіру қызметтерінің бөлімшелері жыл сайын өрт пен жануға 45 мың рет, авариялық-құтқару жұмыс­та­рына 5 мың рет шығады, 1,5 мыңнан астам адамды құтқарады және 23 мың адамды эва­куа­циялайды. Өрт сөндірушілер тәулік ішін­де орта есеппен дабыл бойынша 140-тан астам рет шығады. Тәулік сайын 2600 өрт сөндіруші-құтқарушы қызмет өт­ке­рудің тәулік бойы режимінде бо­лады. Өрт қауіптілігінің алдын алу, елді мекендерді от­тан қорғау үшін өңірлерде төрт және алты шығу орнына арналған қазіргі заманғы өрт сөндіру депо­лары­ның бірегей кешендері салынуда. Соң­ғы 10 жылда елімізде 12 өрт сөн­діру депосы пайдалануға берілді, ағым­дағы жылы тағы төрт өрт сөндіру депосы­ның құрылысын аяқтау жоспарланған. Жаңа объектілерді пайдалануға енгізу елді мекендерде төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік бер­ді. Шалғай елді мекен­дерде жергілікті атқа­рушы органдар ТЖ комитетінің қатысуымен өрт сөн­діру бекеттерін құруда, олар ерікті өрт сөндірушілермен жасақталған және өрт сөндіру немесе өрт сөндіруге бейім­дел­ген техникамен жарақталған.
Соңғы он жыл ішінде әртүрлі мақ­сат­тағы 969, оның ішінде 453 отандық өнді­ріс­тің өрт сөндіру техникасы сатып алынды. Бұл цистерналары бар қазіргі заманғы ма­неврлі машиналар, көп функ­ционалды өрт сөндіру автомо­бильдері, түтін жою, газ-сумен сөндіру және газ-түтіннен қорғау қызметінің арнайы техникасы. Осымен қа­тар жоғары өрт сөндіру қабілеті бар көп мақсатты өрт сөндіру автомобильдері, жо­ғары өтімді және өндірістік өрт-сор­ғыш стансалары жарақтандыруға келіп түсті. Сонымен қатар суы бар цис­терналармен жаб­дықталған құрама автосатылар, тұтас және шашыраңқы су ағысын қалыптас­ты­руға мүмкіндік беретін әмбебап өрт сөн­-діру ұңғылары. Өрт сөндіру қызметі сы­ғыл­ған ауа бар қазіргі заманғы аппараттарға ауыс­ты­рылды.
Комитеттің ірі өнеркәсіптік кә­сіпорын­дардың өрт қауіпсіздігін қам­тамасыз ету бойынша бөлімшелерінің бірі 1999 жылғы сәуірде Қазақстан Рес­публикасының Үкі­меті құрған «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы болып табылады. Кәсіпорынның филиалдары еліміздің барлық өңірлерінде орна­лас­қан. ТЖ саласында мамандан­ды­рылған орталық атқарушы органын құру ке­­зінде Төтенше жағдайлар жөніндегі мем­лекеттік комитетінде аса қиын із­дес­тіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 1996 жы­лы Алматы қаласында ор­наласқан 66 адамы бар Республикалық жедел-құтқару жасағы құрылды. Ал 2000 жылы республика аумағында Ор­талық, Шығыс, Батыс, Сол­түс­тік және Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын құру туралы Қа­зақстан Республикасы Үкіметінің ше­шімі қабылданды. 
Осы жылдары республиканың ава­рия­лық-құтқару күштерін нығайтуға жергілікті атқарушы органдар белгілі бір үлесін қосты, олар 1994-2004 жылдар аралығында 8 же­дел-құтқару жасағын құрды. 2005 жылы осы жасақтар Қа­зақстан Республикасы Төтенше жағ­дайлар министрлігінің құрамына кірді. Жалпы алғанда, жеке құрамы 432 адам­нан тұратын 14 жедел-құтқару жасағы болды.
Қолданыстағы жедел-құтқару жа­сақ­тары мен суда құтқару қызметтерін бірік­-тіру жолымен еліміздің барлық өңір­лерінде 2015 жылы 16 бірыңғай құтқару бөлімшесі құрылды. Қазіргі уақытта біріктірілген бө­лімшелердің жалпы саны 1343 адамды құ­райды. Бұл әртүрлі авариялық-құтқару жұ­мыста­рының кең спектрін орындап, құт­қару бөлімшелерінің орналасу аумағын ке­ңейтуге мүмкіндік берді. Жасақтар қыз­метінің негізгі мақсаты авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін, оның ішінде аса қиын және жоғары қауіпті жұмыстарды орын­дау, сондай-ақ рес­пуб­ликаның су айдын­дарында қауіп­сіздікті қамтамасыз ету болып табы­лады. Жедел-құтқару жасақтары 945 ар­найы автомобилімен, жүзу құра­лы­мен және қарда жүретін көліктермен жа­рақтандырылған. 
Бүгінгі күні барлық жедел-құтқару жа­сақтарында жедел-техникалық және ава­риялық-құтқару автомобильдері, жыл­дам жүретін жүзу құралдары, сүң­гуір жабдығы мен жарағы бар автомо­бильдер бар. Кәсіби қызметі үшін бар­лық жағдайлар жасалған, барлық қазіргі заманғы техникалық және санитар­ия­лық талаптарға жауап беретін бес суда құтқару стансасы салынды. Суда құт­қару жүйесі жыл сайын акваторияда апат­қа ұшыраған 1000-нан астам адамды құтқаруға мүмкіндік береді. 
Апаттар медицинасы орталығы рес­публиканың барлық әкімшілік-аумақ­тық орталығында құрылған және та­бысты қыз­мет етуде. 
Орталықта жедел кезекшілікте шұ­ғыл ден қою бригадалары бар. Олардың ава­рияларға, өртке, жол-көлік оқиға­ла­рына және басқа да төтенше жағдай­ларға шы­ғуына әзірлігі 3 минуттан 5 ми­нутқа дейін уақытты құрайды. Бар­лық жұмыс істеп жатқан кезеңде Апат­тар медицинасы ор­талығы Қазақстан­да сияқты шетелдерде де 40-тан астам ірі төтенше жағдайдың меди­циналық-санитариялық салдарын жоюға қа­тыс­ты, 13 мыңға жуық шығу жүзеге асы­рыл­ды, бұл ретте 18 мыңнан астам зардап шеккенге білікті медициналық көмек көр­сетті. 
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ТЖ комитеті көліктегі медицинаны дамытуға бағыт­талған 2011-2015 жылдарға арналған «Са­ла­матты Қазақстан» мемлекеттік бағдарла­масын іске асыруда. Тек соның шеңберінде 40 күре жолдық медици­налық-құтқару пункті құрылып және табысты жұмыс іс­теуде. Олардың ке­зекші бригадалары рес­публикалық маңызы бар автожолдарда ТЖ кезінде зардап шеккендерге шұғыл меди­ци­­налық көмек көрсетеді. Күре жолдық пункт­­терді құрған сәттен бастап 3,5 мыңнан астам шығу жүзеге асырылды, 10 мыңнан астам зардап шеккенге білікті көмек көр­се­тілді. 
Сондай-ақ 2010 жылдан бастап көлік медицинасын дамыту шеңберінде ха­лыққа «Саламатты Қазақстан», «Ден­саулық» және «Жәрдем» үш консуль­тативтік-диагнос­ти­калық пойыз қыз­мет көрсетуде. Медици­на­лық пойыз­дар барлық қажетті диагнос­ти­калық аппаратурамен жабдықталған, ТЖ ко­митетінің «Апаттар медицинасының те­мір жол госпитальдары» АҚ жоғары білікті медициналық персоналмен жа­сақталған. Пойыздар шалғайдағы стан­салар мен ра­зъез­дерге барады. Ондағы жұмыс істейтін дәрігерлер тым шал­ғайдағы елді мекендер мен ауылдық ок­ругтардағы тұрғындарды тексереді. 2010 жылдан бастап үш консуль­татив­тік-диагностикалық пойыздың ме­дицина қызметкерлерінің күшімен рес­­публиканың барлық облыс­тарын­дағы 916 стан­саның 263 мың тұрғыны тек­серілді. 1 млн диагностикалық проце­дура, 2,7 мың шағын амбулаториялық опе­рация, 19 теле­ме­дициналық кон­сультация жүргізілді. 
Құтқару авиациясының қолдауымен шұғыл ден қою күштеріне ерекше назар қо­йылды. «Қазавиақұтқару» АҚ құтқару авиациясының арқасында гу­манитарлық жүктерді жеткізу және ТЖ болған жерлер­ден біздің азамат­тарды эвакуациялау бо­йынша халықа­ралық операциялар жүргі­зіледі. Қазіргі уақытта «Қазавиақұтқару» акционер­лік қоғамының авиациялық паркі­­не 30 әуе кемесі кіреді, бұл 4 ұшақ және 26 тік­ұшақ, олардың арасында алыс қа­шықтықтарға жүктерді және адамдар­ды тасымалдауға, сондай-ақ ландшаф­ты да биік ғимараттарда да өртті сөн­­діруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ауыр және аса ауыр тікұшақтар түрлері бар. «Саламатты Қазақстан» мемле­кет­тік бағдарламасы шең­берінде құтқару авиациясына Қазақстан Республика­сының кәсіпорындарында жа­салған ЕС-145 (Еврокоптер) 18 тікұшағы кір­ген. 
Авиация төтенше жағдайлар айма­ғына құтқару құралдарымен бірге құтқарушы­ларды жедел түсіру, сондай-ақ жоғалған аза­маттарды іздеу және өртті сөндіру бо­йынша іздеу-құтқару жұмыс­тарын жүзеге асырады. 
Қазақстан төтенше жағдайлардың қауіп-қатерін азайтудың және оның сал­да­рын барлық Орталық Азия өңі­рін­де азай­тудың тиімді тетігін қамтамасыз етуге ар­нал­ған Төтенше жағдайлар жә­не дүлей зіл­зала қауіп-қатерін азайту жөніндегі ор­талықты Алматы қаласында құруға баста­машы болды. 20 жылға таяу және алыс шетелдердің 31 еліне ресми гуманитарлық көмек көрсетілді.
Алдымызда әлі көп міндеттер бар және олардың барлығы елдегі қауіпсіз өмірді қам­тамасыз етуге бағытталған.

Дереккөз: Айқын-ақпарат

Қатысты Мақалалар