Сырдариядағы серпін

/uploads/thumbnail/20170708201106209_small.jpg

Бүгінде Қызылорда облысы еліміздің 90 пайызын күрішпен қамтамасыз етуде. Облыстағы ауыл шаруашылығы жағдайының нәтижесі жоғары деңгейде.
 Сыр диқандары ел қамбасына 423 мың тонна астық құйып, қатарынан үш жыл жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 
Мұндай оң нәтиже көрсетудің негізгі жолдары бар. Біріншіден, агротехникалық талаптарға сәй­кес, егіс жоғарғы технология­ларды пай­далану негізінде орна­лас­тырылған. Заманауи техника­лармен жер тегістеліп, барлық жағдай жасалған. Сыр маржанын жинаудан көш басында жүретін ауданның күріш егуде суды үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін инновациялық агротехникаларды қолданғанын ерекше атап өту керек. Аудан ал­дында бәсекеге қабілетті нарықта өтімді та­уарларды өндіру міндеті де тұр. 
Ырысты да күрішті Сырдария ауданының шаруашылық құры­лымдары биыл 19 мыңнан астам гектарға күріш егіп, әр гектардан 55 центнерден өнім алды. Нәти­жесінде, аудан тарихында бірінші рет қамбаға барлығы 1 млн 88 мың центнер алтын дән құйылды. Жыл қорытындысы бойынша Сырдария ауданы облыста «Егін шаруашы­лығы бойынша озат аудан» аталы­мымен марапатталды. «Мағжан және К» шаруашылығы жүлделі 1-ші дәрежелі дипломмен мара­патталып, үздік атанды. Бұл ша­руа­шылық егілген екі мыңға жуық гектар күріштен 79 центнерден өнім жинады.«Қызылдихан» шаруа қожалығының бригадирі Сәр­сенбай Қожанов бригада бойынша күріштің әр гектарынан 89,5 центнер өнім жинап, озат өн­діріс бри­гадирі, «Мәді Қажы» ша­руа­шы­лығының күріш өсірушісі Жәнібек Ыбыраев өзіне бекітілген 30 гектар күріштен 102 центнерден өнім алып, облыстың озат күріш өсіру­шісі атанды. Бұдан бөлек, І дәре­желі дипломмен «Мағжан и К» ЖШС төрағасы Ералиев Дархан, ІІ дәрежелі дипломмен «Шаған Жер» ЖШС төрағасы Қадыров Бердібек, Озат шаруа қожалығы І дәрежелі дипломымен «Қызылдихан» шаруа қожалы­ғының төрағасы Құлбаев Алдан­берген, ІІ дәрежелі диплом­мен «Ақжарма-2» шаруа қожалы­ғының төрағасы Бисенов Марат, аудан бойынша егін шаруашы­лығының өнімдерін қайта өңдеу озат ша­руашылық номинациясы бойын­ша І дәрежелі дипломымен «Ақжарма и К» шаруа қожалығы­ның төрағасы Нұрсейітов Қайрат марапатталды. «Үздік бригадир» аталымы бойынша «Мағжан и К» ЖШС бригадирі Мейірманов Жарқынбек, «БАҚ» шаруа қожа­лы­ғының үздік механизаторы Мықбаев Әлібек марапатталды.
Іңкәрдария ауылындағы «Қа­рақасқа» учаскесінің 400 гектар егістік жері ауыл тұрғындарының үлесіне қайтарылды. Осы жерге аудандағы «Ақжарма и К» шаруа қожалығы күріш егіп, егіннен мол өнім алды. Сондай-ақ өзге ауыл шаруашылығы дақылдарынан межелі өнім алынды. Келесі жыл­дың егісі үшін қажетті тұқым құ­йы­лып, төрт түлік малдың қысқа қа­жетті азығы жиналды. Төрт мың­нан астам гектар жоңышқа дақылынан, тоғыз мыңға жуық тонна мал азығы дайындалды. Орта есеппен әр гектардан 19 цент­нерден өнім алынса, қосымша егілген 450 гектар жаздық бидай­дан 16 цент­нерден өнім алынды. 
Сырдария ауданы бойынша биыл отыз мыңға жуық гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде күріш – 19755, жаздық бидай – 450, мақсары – 350, ескі жоңышқа – 6065, жоңыш­қа – 2346 гектарға және 792 алқапқа картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді. 
Шаруашылыққа қажет көлік паркін толықтыру мақсатында «КазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы жаңадан 47 ауылшаруашылық техникалары алынды. Аудандағы шаруашылық құрылымдарына егілген ауыл ша­руашылығы дақылдарына бюд­жеттен бөлінген 694 млн теңгеден астам субсидия игерілді.
Сырдария ауданы бойынша азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан әкімінің әр аптаның сенбі күндері аудан орталығында жәрмеңке ұйымдастыру жөнінде іс-шарасы бекітілген. Осыған байланысты аудан орталығындағы «Комму­налдық базарда» төрт рет жәрмең­ке үйымдастырылып, құны 13 млн теңгеден астам базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен сауда жасалды. Азық-түлік өнімдері баға­сының қолжетімділігін қам­тамасыз етуді бақылау мақса­тында аудан орталығында аудан бойынша 17 қазанда «Алтын күз» мерекесіне орай ауыл шаруашылығы өнім­дерінің жәрмеңкесі ұйымдасты­рылды. Кезекті жәрмеңкелер «Абай» мен «Алиакбаров» көшесі­нің бойында өтуде. Оған барлық елді мекендерден 80 көлікпен 12 млн теңгеден астам ауыл шаруа­шылығы өнімдері сатылымға түсіп, базар бағасынан 15-20 па­йыз төмен қолжетімді бағада сауда жасалды.
Мал шаруашылығының жағ­дайы да жаман емес. Ресми мәлі­меттерге сүйенсек, ауданда барлық шаруашылық санаттарында төрт түлік мал басы отыз мыңға жуық ірі қара, 14 мыңнан астам қой, 10 мыңнан астам ешкі, 11 мыңнан астам жылқы, мыңға жуық түйе, 6 мыңнан асатын құс өсірілуде. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 34 млн теңгеден астам, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға бөлінген 18 млн теңгеден асатын субсидия игерілді. Мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша мал шаруашылығын дамытуға жыл сайын қомақты қаржы бөлінуде. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша ет – 104, сүт өн­дірісі – 102 және жұмыртқа 112 пайызға ұлғайды. Ауданда асыл тұ­қымды мал шаруашылығын да­мыту үшін 34 млн теңге және мал шаруашылығы өнімінің сапасын арттыру бағытында 19 млн теңге субсидия игерілді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша биыл 320 бас ірі қара мен «Алтын асық» бағдарламасына сәйкес 470 бас асыл тұқымды қой сатып алынды. «Құлан» бағдарламасы бойынша 145 бас жылқы малдары сатып алынып, биылғы көрсеткіш 133 пайызға орындалды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты «Өндірістік инфрақұры­лымды дамыту» бойынша Нағи Ілиясов ауылындағы «Абзал және К» серіктестігінің астық қырма­нына баратын 2,7 шақырым жолды жөндеу мәселесі бойынша құ­жаттары облыстық-аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданды. Қазіргі таңда жобаны қаржылан­дыру басталды. Аймақта облыс әкімінің қолдауымен елді мекен­дерде өз кәсібін ашып жетілдіруге 1 миллион теңгеге дейін қайта­рымсыз грантпен қаржыландыру мақсатында «Ақниет» бағдар­ламасы жұмыс істеп келеді. «Ақниет» бағдарламасына үш жыл мерзім ішінде 900-ге жуық аудан тұрғыны қатысып, 85 адам 37 миллион теңгенің қайтарымсыз гран­тын жеңіп алды. Ірі қара мал­ды бордақылау алаңдарын кеңейту, санын көбейту мақсатында «Шаған Жер» ЖШС 1 миллиард 170 мил­лион теңге тұратын 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңын салу жобасы жұмысы басталып кетті. Жобаны «ҚазАгро» акцио­нерлік қоғамы бекітті. Мал бор­дақылау алаңы шаруа қожалы­ғының 30 гектар жеріне орнала­сады. Алаңның айналасындағы 750 гектар жер инженерлік жүйеге келтіріліп, онда жүгері, жоңышқа, бидай егіледі. Мал азығы дайын­далып, жемшөппен толық қамта­масыз етілетін болады. Алдағы уақытта шаруашылық тарапынан мал сою алаңын салу және ет өнімдерін өндіру бойынша жоба дайындалуда. Аталған жоба бо­йынша материалдық-техникалық жабдықтар – мұздатқыш, ет өң­дейтін кіші зауыт, шұжық, қал­бырдағы ет шығаратын жабдықтар шаруа қожалықтың өз есебінен алынады деп жоспарлануда. Өнді­рілетін ет өнімдері Қызылорда, Байқоңыр, Алматы қалаларының нарығына шығарылып, көрші Ресей, Өзбекстанға экспорттала­тын болады. Сондай-ақ Қызы­лорда қаласындағы «Қызылорда ет-сүт өңдеу орталығы» ЖШС ынтымақ­тасып жұмыс істеу қолға алынды. Бұл жоба бойынша тамыз айынан бастап қаржыландыру да басталып кетті. 

Дереккөз: Айқын-ақпарат

Қатысты Мақалалар