ҚАЗАҚСТАН ЗАҢГЕРЛЕР ОДАҒЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРЕДІ

/uploads/thumbnail/20170708201120522_small.jpg

2014 жылдың желтоқсан айында әкем қайтыс болды, ол – ҰОС ардагері.
 Ол қайтыс болғаннан кейін өсиет жазып қалдырғаны мәлім болды, әкем  өсиетті 1997 жылы жазған. Өсиет бойынша мұрагерлікке әкемнің мүлкіне тең үлесте  барлық балалары шақырылды.  Қайтыс болған әкемнен мен,  апам  және ағам,  сонымен қатар Роман есiмдi баласын ешкім ешқашан естімеген. Шын мәнінде, соғыс жылдары әкем мен бір әйел арасында қатынас болғаны, соның нәтижесінде, баласы екені мәлім болды. Қазіргі уақытта ол Украина территориясында аман-есен жүр. Ол біздің отбасымыздың мүшесі болмаған және ол өзге мемлекеттің азаматы болғандықтан, осы баланы мұрагерліктен шеттетуге болады ма? Өсиет 90-жылдары жазылған, одан бертін әкемнің мүлкі көбейген, жасалған өсиетін жарамсыз деп тануға бола ма? Бұған қоса, әкеммен 50 жыл отасқан кәрі анамыз бар, әкеміз оған ешқандай мүлік қалдырмаған.
 
Сапаров М. А. 
Алматы облысы
 
Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады (ҚР АК 1044 бабы). Оған қоса, егерде өсиет бойынша айтатын болсақ, азаматтық заңнамада ерікті өсиет қарастырылған. Азамат өзінің барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға өсиет етiп қалдыра алады.
Сіздің қандас ағаңызды мұрадан шеттету тек соттың шешімімен жүзеге асады. 
 Қазақстан  Республикасының азамат­тық кодексінің 1045-бабына сәйкес, лайықсыз мұрагерлерді шеттету негіздері қарастырылған. Мұрагерлердің бірінің өзге елдің азаматтығы лайықсыз мұрагер деп тануға негіз болып табылмайды. Шетел азаматы үшін нақты ережелер бар, егер жылжымайтын мүліктің меншік иесі болатын шетел азамат Қазақстан Республикасында тұрақты тұруы қажет. Қандай жағдайда да мұрагерлік мүлікті бөлу барысында, өсиетте нақтыланған үлескер азамат Романға берілуі тиіс. 
Өсиетті жарамсыз деп тану үшін  нақты талаптар бар: өсиеттің нысаны бұзылған жағдайда (егер жасалған нысан құқық нормасын сәйкес келмесе); өсиет қалдырушының әрекет қабілеттілік талабы бұзылмаған жағдайда, яғни егер ол өз әрекетін түсінбеген жағдайда; өсиеттің маз­мұнында қарама-қайшылық бай­қалғанда; соңғы еркі бұзылған жағдайда, яғни өсиетті жазуға тұлғалар мәжбүрлесе.
Егер аталған пункттің бірі сотпен дәлелденсе, өсиет жарамсыз болып табылады. 17 жыл бұрын құрылған өсиетті жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылмайды, өйткені оның ескіру мерзімі жоқ. 
Қайтыс болған тұлғаның жұбайының құқығына қатысты. Азаматтық және от­басылық заңнамаға сәйкес, неке кезінде пайда болған мүліктер, ерлі-зайып­тылардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады. Сәйкесінше, мұрагерлік мүліктен ½ үлесі анасына тиесілі  бола­ды және балалары бұл үлесті талап етуге құқығы жоқ. Зайыбы еңбекке қабілетсіз болғандықтан, мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар, заң бойынша мұрагерлікке шақыру кезінде үлестен  ½  бөлігіне құқығы бар. Бұл жағдайда 5 мұрагерлер бар: жұбайы мен 4 балалары (Роман баласын қоса алғанда), онда әрқайсысы 1/5 бөлігін алады, 1/5 жартысынан – бұл 1/10. Сәйкесінше, заңға сәйкес анасы, ерлі-зайыптылар жалпы мүліктік оның үлесінен басқа, сонымен қатар қсиет қалдырушының балаларына өсиет етілген мүліктен 1/10 беріледі.
 

Дереккөз:Айқын-ақпарат

Қатысты Мақалалар