Астанада «Капитал құрылыс сервис» ЖШС-ның құрылтайшысы әрі директоры ұсталды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Астана қаласы ІІД-і баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Капитал құрылыс сервис» ЖШС директоры әрі құрылтайшысы болып табылатын И. Дмитриенкоға «Гранитный» тұрғын үй кешенінің 44 үлескеріне тиесілі 222523000 теңге қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр. Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 соты күдіктіні қамау туралы санкция берген. Қазір тергеу жұмыстары жүруде.
Бұған дейін Елордада «Хазірет» тұрғын-үй кешенін салып жатқан «ШейхҚазИнвест» ЖШС-нің қызметкерлері ұсталып, «Азбука жилья» компаниялар тобының басшысы Ерқанат Тайжановқа халықаралық іздеу жарияланған болатын.