Квадроберлер көбейді: Балалар неге «Хайуан» болғысы келеді?

/image/2024/11/06/crop-0_88_723x1286_86.jpg

Әлеуметтік желілерде соңғы уақытта балалардың ит, мысық секілді төрт аяқтап жануардың кейпінде жүргенін байқаймыз. Адамның санасына қонбайтын бұл біртүрлі үрдіс бастапқыда Ресейде басталған деседі. Енді бұл сорақы тірлік Қазақстанға да жетті. Яғни, кішкентай балалардан бастап ересектерге дейін әртүрлі аң-құстың образына кіріп, солар секілді төрт аяқтап жүріп, қолмен емес ауыздарымен итаяқтан ас ішіп жүр. Тіпті немересінің мойнына қарғыбау кигізіп, көшеде серуендетіп жүрген әжелер де жоқ емес.

Бұл туралы журналист Тұрар Саттарқызы квадробика бойынша техникаларды үйрететін видеолардың тарап жатқанын айтып, дабыл қақты.

  • Екі аяқты адамның төрт аяқты хайуан бейнесіне еніп, маскасын киіп, құйрық жалғап, хайуанша төрт аяқтап жүретін субмәдениет түрі шықты. Және осыған байланысты техникаларды үйрететін видеолар да тарап жатыр.оны жасағандар төрт аяқтап қалай секіруге болатынын, бетперделерді қалай жасауға болатынын үйретеді. Адамнан хайуанға айналғысы келетіндердің арасында ересектер де бар дейді. Тіпті Ташкентте бір бала ит болып жүріп адамды қауып алған көрінеді. Мұндай қаңсықтың алдын алмасақ, күні ертең онсыз да көрінгенге еліктеп, дағдарып тұрған қоғамға, жастарға өте қауіпті болмақ, – дейді.

Атауы жай спорт түрі секілді көрінгенімен, жасөспірімдердің тірлігіне қарап бұл субмәдениеттің жастарды құрдымға кетіретін құбылыс екенін аңғарамыз. Расында қалай қабылдағанымыз жөн? Бұл туралы психологтар не дейді?

 

Квадробиканың жасөспірімдерге әсері

 Аталмыш трендке қатысты психолог Бота Жалғасбекова бұл ынжық баланың бетперде кию арқылы ғана өз ойын жеткізе алуы немесе диссоциациялық бұзылыстың белгісі болуы мүмкін деп түсіндіреді.

- Бұл тренд субмәдениет баланың әлі толық қалыптаспаған псиxикасының бұзылуына әрі қоғамнан оқшаулануына себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар өзін-өзі табу процесіндегі кейбір жастарға бетперде астында өз пікірін білдіру, достармен қарым-қатынас құру оңайырақ. Мысалы, тренд Әлеуметтік желілерде немесе ойындарда осындай әрекеттерді насихаттайтын бейнелер, трендтер бар. Кейбір жастар танымал трендтерге ілесу немесе парақшасында көп қаралым жинау үшін жануар киімін киеді. Сондай-ақ жануар киіміне жасырыну – тұйық, ынжық адамға еркіндік сыйлайды, – дейді.

 

 Баланы бұл жағдайдан қалай алып шығамыз?

Психолог бұл мәселені шешу үшін әрбір ата-ана балаларымен үнемі сырасып, оның араласатын ортасына да мән беру керектігін айтады. "Қорқу керек пе? Нақты себебін анықтау үшін неге жануар образына қызығушылық танытатынын түсіну керек. Баланы тыңдап, сұрақ қойыңыз. Балалар өзін тыңдағанын және түсінгенін сезінсе, ата-аналарына көбірек сенім артады. Егер жасөспірім өзін шынымен жануар деп санап, сол сенімге қатты берілсе, бұл шындықтан алыстау немесе диссоциациялық бұзылыстың белгісі болуы мүмкін. Егер жасөспірімнің жануарға еліктеуі оның мектепке бару, қарым-қатынас жасау немесе жауапкершіліктерін орындау қабілетіне кедергі келтірсе, бұл маманның араласуын қажет етеді. Алдын алу амалдары Онлайн қауіпсіздігін тексеріңіз. Балалардың интернетте немен айналысып жатқанын бақылаңыз. Шектеу қойыңыз. Ата-ана балаларға қауіпсіздік туралы ескертіп, қандай контенттің пайдалы немесе зиянды екенін түсіндіргені дұрыс. Жасөспірімдер көп жағдайда достарының мінез-құлқын қайталайды. Сондықтан олардың ортаға еліктемеуін және кіммен араласатынын қадағалау керек. Баланы спортқа, өнерге, музыкаға және басқа да пайдалы хоббилерге қызықтыру арқылы оларды позитивті ортаға бағыттауға болады", – дейді психолог Бота Жалғасбекова.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар