Алдағы жылдары дәрі-дәрмек тапшылығы болуы мүмкін бе? - министрлік жауабы

/image/2024/11/12/crop-9_5_545x726_image_750x_64cbc67f7e2e2.jpg

"Елімізге дәрі-дәрмектер шетелден жеткізілетіні белгілі. Оның ішінде Ресейде бар. Қазір көрші ел санкция астында. Соңғы уақытта дәрінің бағасы көтеріліп жатыр. Алдағы уақытта дәрі тапшылығы болуы мүмкін бе? Алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?" деген журналистің сауалына министрлік өкілі: 

- Қазіргі таңда барлық сыртқы елдерден келетін дәрі дәрмектер сарапталады. Соның ішінде тек Ресейден емес, басқа мемлекеттерден келеді. Сондықтан да қазіргі таңда Ресейдің санкциялары кесірінен еліміздегі дәрі-дәрмектің азаяды деп тұжырымдау ойға қонымсыз деп айтуға болады. Қажетті дәрі-дәрмектер министрлік тарапынан сатып алу жүргізілуде, - дейді Жандос Әділхан үкімет баспасөз орталығында өткен брифингте.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар