Halyk bank-тегі ақша ұрлығы: Енді елімізде банктердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қатаңдатылады

/image/2024/11/13/crop--1_10_237x334_1257487495_picture.jpg

Павлодардағы оқиғадан бірнеше күн өткен соң,  енгізілген түзетулер "Ашық НҚА" сайтында шықты. Белгісіз қылмыскерлер Павлодардағы Halyk банкінің бөлімшесіндегі қабырғаны сындырып, сейфтерден ақша ұрлаған.

Енді банктер мен айырбастау пункттері ұлттық және халықаралық нормаларға сай келетін сейфтерді пайдалануға міндетті. Жаңартылған талаптарда берік кіреберіс есіктер, терезелер мен қабырға қалқаларын орнату талап етіледі.

 

Қоймалар мен сейф бөлмелеріндегі желдету жүйелеріне олардың қауіпсіздігін арттыру үшін арнайы ережелер енгізіледі. Сонымен қатар, объектілерді қорғауға және бейнебақылау сапасына қойылатын талаптар қайта қаралады.

Банктер мен айырбастау пункттері жаңартылған нормаларды ескере отырып, өз ғимараттарын бейімдеуге уақыт алады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар