Қаңтар оқиғасы кезінде жәбірленушіні азаптаған полиция қызметкері сотталды

/image/2024/11/13/crop-0_-4_360x640_a-tar-o-i-asy-kezinde-stal-andardy-tikpen-azaptau-isi-bojynsha-tergeu-aja-taldy_

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.

Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында кінәлі полиция қызметкерінің жеткізілген азаматқа қатысты азаптауларды қолданғанын дәлелдеді.

«Полиция қызметкерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге дене азабы келтірілген. Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», — деп жазды Бас прокуратурадан.

Үкім заңды күшіне енді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар