Шымкентте көлік терезесін күңгірттеген 20 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды

/image/2024/11/14/crop-0_22_344x612_074933681400.png

Басылым мәліметіне сүйенсек, Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолдағы құқықбұзушылықтарды болдырмау және оны дер кезінде анықтау мақсатында мегаполис жолдарында үздіксіз рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері көлік терезесін күңгірттеген 19 629 жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Оларға қатысты ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік иелерімен дер кезінде әйнектегі күңгірттеу қағазын алып тастау жұмыстары жүргізілді. Осы тұста тәртіп сақшылары техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттар талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертті. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар