Бүгін жобаның атқарушы продюсері әрі режиссері Эмре Шахин, продюсер Фикрет Маноглу және қоюшы-суретші Зеки Сарайоглу Астанаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қаринмен кездесуге келді.
Karga Seven Pictures продюсерлік орталығының мәліметінше, сериал сценарийі жазылып біткен. Ал сценарийді дайындауға Джастин Поллард ("Викингтер") және Клэр Морсум ("Оутлоу Кинг") сияқты танымал жазушылармен қатар қазақстандық және халықаралық тарихшылар, сарапшылар қатысқан.
Karga Seven Pictures өкілдері сценарийді әзірлеу Жошы Ұлысы мен Алтын Орданың тарихын, сондай-ақ көшпелі халық пен қазақтардың мәдени құндылықтары және өмір салтын терең зерттеуді қамтығанын айтты. Авторлар түсірілім орындары іздестіріліп жатқанын және қазіргі уақытта кастинг өтіп жатқанын тілге тиек етті. Сериалдың түсірілімі жақын арада басталады.
Қариннің сөзінше, жобаның маңыздылығына тоқталып, Жошы хан дәуірінде өмір сүрген ойшылдар әлемдік тарих пен геосаясатқа ерекше әсер етті.
Өз кезегінде Karga Seven Pictures өкілдері Алтын Орданың тарихы әлемдік аудитория мен халықаралық дистрибьюторлардың қызығушылығын тудырғанын алға тартты.
Пікір қалдыру