Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында спортшыға құрметті атақ куәлігін Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов табыстады.
Абиба Әбужақынова — дзюдодан Қазақстанның танымал спортшысы, 3-ші дан (IJF) иегері, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ол 2022 және 2024 жылдары өткен әлем чемпионаттарының қола жүлдегері, сондай-ақ 2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері.