Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының негізінде "Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты" ЖШС құрылды. Айта кетейік, мекеме "Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы" құрамында. Бұл туралы 19 қарашада Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.
-Жаңа құрылған институттың жұмысы – асылтұқымды жылқылардың сапасын жақсартуға, жылқы шаруашылығын белсенді дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және отандық тұқымды сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған. Алдағы бес жылда асыл тұқымды жылқы санын 6-7 пайызға арттыру көзделіп отыр,- деп мәлімдеді ведомство.
Жергілікті қостанай, адай және соғымға арналған мұғалжар, жәбе, күшім генотиптерін көбейту үшін селлекциялық және асылдандыру бағытында жұмыстар белсенді жүргізілмек.
-Ол үшін жылқылардың әртүрлі генетикалық топтары туралы ақпаратты сақтайтын деректер қорын және ұрықтар мен эмбриондар банкі құрылмақ. Сондай-ақ, биелерді қолдан ұрықтандыру зертханалық пунктін салып, арнайы жылқы өсіруші мамандарын дайындау жоспарланып отыр. Арнайы жылқы ветеринарлық клиникасын ашу арқылы ветеринариялық қызмет көрсету деңгейінің сапасы жақсарады, — дейді мамандар.
Пікір қалдыру