Вице-министр көкөністен таршылық болмайтынын айтты

/image/2024/11/19/crop-0_3_360x640_azat-sultanov-2-1.jpg

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте вице-министр осыдан бірнеше жыл бұрын ішкі нарықта картоп бағасының күрт өскені байқалғанын еске салды.

- Қазір мұндай проблема жоқ. Бұл әкімдіктер мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастырылған шаруашылықтарда картоп өндірісі көлемін арттыруға бағытталған жұмысының арқасында мүмкін болып отыр. Мұндай шаруашылықтар өнімді қалалар мен ірі сауда желілеріне орталықтандырылған жеткізіліммен қамтамасыз етеді. Көкөніске қатысты да жағдай солай. Өнім жиналды және жаңа жылға дейін өзіміздің көкөніспен толықтай қамтамасыз етілгенбіз. Бұл картопты қоса алғанда сорпа жиынтығы деп аталған негізгі топқа қатысты, - деді Азат Сұлтанов.

Сонымен қатар ол көкөніске жеткізуге қатысты негізгі проблема маусымаралық кезеңде туындайтындығын атап өтті. Дегенмен, қабылданып жатқан шаралардың арқасында нарық тұрақты екендігін баса айтты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар