Астанада Ресейдің туының орнына Украинаның туы көрсетілген: Қылмыстық іс қозғалды

/image/2024/11/28/crop-0_21_675x1200_6748130a49307426940966.jpeg

- Кеше "Керуен Медиа" ЖШС-ға қатысты оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары, оның ішінде техникалық ақаулар мен жабдықтың жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылуда. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылатын болады, - дейді ІІМ хабарламасында.

ІІМ заң және тәртіп қағидатын мүлтіксіз орындау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар