Армения Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне қатысудан бас тартты

/image/2024/11/28/crop-42_1_493x877_izobrazhenie_2023-11-15_100730407-960x500.png

Армения премьер-министрінің баспасөз хатшысы Назели Багдасарянның айтуынша, Арменияның "ҰҚШҰ қызметіне қатысуды тоқтатуға қатысты ұстанымы" өзгерген жоқ. 

Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян да саммитке қатыспайды.

Айта кетсек, Пашинян 2024 жылдың ақпанында Ереванның ҰҚШҰ жұмысына қатысуын тоқтататынын мәлімдеген болатын. Ол ұйымды Таулы Қарабақтағы қақтығыстың шиеленісуі кезінде өз міндеттемелерін орындамады деп айыптады. Сол себепті 2023 жылы Минскіде өткен ҰҚШҰ саммитіне де қатыспады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар