Астана мен Алматыдағы баспаналардың әр шаршы метрінің шетелдік валютадағы шаққандағы бағасы 12 пайызға төмендеген. Бұл туралы «Қамшы» порталы "Крышаға" сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қазақстан астанасындағы баспаналардың әр шаршы метрінің бағасы қазіргі таңда 1381 доллар болып тұр. Баға 25 тамыз бен 20 қазан аралығында құлдыраған.
Қазіргі 277 теңге төңірегіндегі бағам бойынша елордадағы баспаналардың шаршы метрі 383 мың теңгеге тең. Ол жаздың ортасында болған бағадан 59 мың теңгеге жоғары. Ал, Алматыда ұлттық валюта бойынша баға 85 мыңға артып, 405 000 теңгеге жетті. Сарапшылардың айтуынша, 2014 жылы ақпанда болған бағам өзгерісі кезінде доллармен белгіленген баға жылдың соңына қарай ғана төмендеді. Соның салдарынан 2016 жылы шаршы метрдің бағасы 1300 доллар болады деген болжам бар.