«Ежелгі Тараз» археологиялық саябағы Қазақстанның бірегей мұражайына айналады - Т.Молдақынов

/uploads/thumbnail/20170708201341758_small.jpg

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау күндері республикалық мәні бар тарихи ескерткіш - «Ежелгі Тараз» археологиялық саябағы ашылды.
Саябақ аумағына кіреберісте арка, сондай-ақ барлау мұнарасы, Достық үйі мен конгресс-холлы бар этномәдени орталық, этнографиялық мұражай, «Тараз саздары» стеласы, «Мыңбұлақ» сквері бар.

Алғаш рет көпшілік назарына Тараз қалашығындағы археологиялық жұмыстар кезінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Кешен құрылысының жалпы құны - 2,5 млрд. теңге.

Кешеннің ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, министрлер, ұлттық компаниялар басшылары, қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым мен ЖОО өкілдері, ардагерлер, облыстық мәлихат депутаттары қатысты. 

«Артефактілер қойылған жаңа музейді аралау кезінде Президенттің қобалжығаны байқалды, - деді ҚазАқпарат ХАА тілшісімен сұхбатында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры, белгілі жамбылдық тарихшы Тәкен Молдақынов. - Мұражайда Президентті біз Астанадағы Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбаймен бірге қарсы алдық. Нұрсұлтан Әбішұлы музей терезесінен ежелгі қалашықтың қазылған орындарын байқаған соң, оны көруге түседі деп тіптен ойламаған едік».

Т.Молдақыновтың сөзінше, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазбаларды көріп, түсіндірмелерді тыңдаған соң ешқандай жазбаша, кітаптардағы сипаттаулардың ежелгі мәдениеттің болғанына салмақты дәлел бола алмайтынын айтқан. Міне, нақты дәлелдер, деген Н.Назарбаев қазба нысандарын көрсетіп, бұлар біздің еліміздің аумағында жоғары дамыған қалалық мәдениеттің болғанын дәлелдейді. Ғылыми ізденістердің растығының нақтылануын көру бір ғанибет, деп қосты Президент. 

«Ежелгі Тараз» саябағы облыстың халықаралық туристік брендіне айналады деп күтілуде, бұл нысаны ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесінің қонақтары баратын қалалар тізіміне енген.

Қатысты Мақалалар