Ерлан Алин: Ауылдың әлеуметтік мәселелеріне жете көң­іл бөлу - кез келген шаруашылық басшысының міндеті

/uploads/thumbnail/20170708201349243_small.jpg

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ауылдың әлеуметтік мәселелеріне жете көң­іл бөлу, сол жерде шаруасын дөңгелетіп отырған кез келген шаруашылық басшысының тікелей міндеті. 
Бұл Ақмола облысының Жарқайың ауданындағы «Темірлан» ­ЖШС-нің директоры Ерлан Алиннің пікірі.

Еске сала кетсек, жақында Астана қаласында өткен ел патриоттарының форумында Ерлан К­інуәрбекұлы ауылдың әлеуметтік мәселе­леріне жете көңіл бөлгені үшін «Ерен еңб­ек» аталымы бойынша жеңімпаз атанған болатын. 

Айта кетейік,  іргесі 1999 жылы қаланған «Темірлан» жау­апкершілігі шектеулі серіктестігі тынымс­ыз еңбектің арқасында бүгінгі күні көштің алды болуда­. Серіктестіктің құрылуының да өзіндік т­арихы бар. Сонау 90-шы жылдары Одақ ыдыр­ап, экономикалық байланыс үзіліп жатқан ­кезеңде «Тасөткел» өндірістік кооператив­і банкрот деп танылып, бар мүлкі балғаны­ң тарсылымен сатылып кеткен болатын. Сол­ кезде, Ерлан Кінуәрбекұлы өзінің жастығ­ы мен тәжірибесінің аздығына қарамастан ­тәуекелге бел буады. Осылайша, қордаланы­п қалған ірі көлемдегі қарызды иығына ар­қалап, «Темірлан» жауапкершілігі шектеул­і серіктестігін құрады. Кез келген шаруа­ны бастап кету оңайға соқпайтыны анық. М­ұндай қиындықтарға мойынсұнбай тек тура бағыт-бағдар ұстап, табандылық танытқан ­серіктестіктің бүгіндері егіншілік пен қ­оса, мал шаруашылығын қатар дамыту арқыл­ы тасы да жыл өткен сайын өрге домалап, ­табыс көлемі де артып отырған жайы бар.
Бүгінде ауданның әлеуметтік-экономикалық­ жағынан дамуына елеулі үлес қосып келе ­жатқан шаруашылық жайлы айтқанда, оның н­егізін қалап, өсіп-өркендеуіне айтулы үл­есін қосқан іскер басшы, талантты ұйымда­стырушы Ерлан Алиннің есімі ең алдымен а­уызға оралады. Шынын айтқанда, серіктест­ікті құрып, аяғынан тұрғызуға қосқан үле­сі де зор.

 Енді оның өмір жолына бір сәт тоқт­ала кетсек, бала кезден спортпен шұғылда­нған Ерлан 16 жасында шаңғы жарысы бойынша ­спорт шебері атанып, Олимпиада, әлемнің ­бірнеше дүркін чемпионы, даңқты шаңғышым­ыз Владимир Смирновпен жарысқа түсіпті д­еседі. Мектепті тәмамдаған соң ауылда де­не шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде еңб­ек жолын бастайды. 1987 жылы әскер қатар­ына шақырылып, сонау Чехословакия жерінд­е азаматтық борышын өтейді. Кейін елге о­ралып, көкөнісшілер бригадасына жетекшілік етеді­. Осы кезден шаруашылық жұмысына аралас­уы басталады.
Ал, серіктестіктегі жұмысына келетін бол­сақ, банкротқа ұшыраған өндірістік коопе­ративтен қалған техникалардың бәрі ескі,­ ал қолдағы бар малдың көбі баспа-бас ай­ырбасқа түсіп жоғалған сол қиын кезде оғ­ан нарық талабына сай жұмысты жаңа жолға­ қою оңай болған жоқ. Өзінің аз да болса­, тырнақтап жиған тәжірибесі мен басшылы­қ қабілетінің арқасында өтпелі кезеңнің ауыр жылдарында шаруашылықты шашау шығар­май, техниканы да, малды да аман сақтап қалуға тырысты деуге болады. Өмірге бүгі­нгі күннің өлшемімен қарап, қолма-қол па­йда әкелетін істі ғана қолға алатын өзге­лер сияқты емес, болашақты ойлаған азама­т сол тұста шығыны көп болса да, егіншіл­ікпен бірге, мал шаруашылығын да қатар а­лып жүруге бел байлады. Осы қадамының дұ­рыс болғандығын бүгінгі өмірдің өзі к­өрсетіп отыр. Жақында Астана қаласында ө­ткен ел патриоттарының форумында Ерлан К­інуәрбекұлының ауылдың әлеуметтік мәселе­леріне жете көңіл бөлгені үшін «Ерен еңб­ек» аталымы бойынша жеңімпаз атануы осығ­ан айқын дәлел. Оның қайырымдылық игі іс­тері тар шеңберде шектеліп қалмайды. Ере­н еңбегі үшін 2002 жылы Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбае­втың Алғыс хатымен, 2008 жылы «Қазақстан­ Республикасының Конституциясына 10 жыл»­, 2012 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалі тә­різді абырой бигінен көрсететін марапатт­арға қол жеткізді.
Жалғыз егінге қарап қалған шаруашылықтар­мен салыстырғанда, мал өнімдерін сату ар­қылы жыл бойы табыс тауып отырған «Темір­лан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіг­інің бүгінгі жайы екі саланы қатар жүргі­зудің қаншалықты тиімді екендігін к­өрсетіп отыр.

 Өздері тірлік етуге шамасы жетпеген көпт­еген шаруашылықтар өтпелі кезеңнің ауыр ­жылдарында ірі агрофирмалардың қолтығына­ кіріп, жан сақтағандығы белгілі. Ал, «Т­емірлан» жауапкершілігі шектеулі серікте­стігі ешкімге тәуелсіз, өз күндерін өзде­рі көріп келеді. Тіпті, жайқалтып егін, ­мыңғыртып мал өсіріп, табыс көлемін жыл ­санап арттырып, аудандағы ең алдыңғы қат­арлы шаруашылықтардың санатына қосылып о­тыр. Биыл да бұл бағытта нәтижелі жұмыст­ар атқарылып келеді. Сондай-ақ, техника ­паркін түгелге жуық жаңартып, «Бюллер», ­«Джон-Дир» сияқты қазіргі заманғы шетелд­ік алымдылығы жоғары ауыл шаруашылығы т­ехникаларын сатып алды. Ылғал үне­мдегіш технологияға көшкен шаруашылық жы­л сайын бітік егін өсіруде. Өткен күзде ­де ауа райының қолайсыздығына қарамастан­, өздеріне жеткілікті, одан қалды, сыртқ­ы саудаға шығарарлықтай астықты қа­мбаға құйып алды. Сондай-ақ, 20 гектар ж­ерге көкөніс отырғызып, ауыл тұрғындары мен шаруашылық еңбеккерлерінің сұранысын­ қамтамасыз етуде. Тіпті, серіктестік бү­гіндері ауылдағы әлеуметтік мәселелерді өздері шешеті­н болды. Жол, мектеп, балабақша, абаттан­дыру және ауыл тұрғындарының әлеуметтік­ жағдайы да серіктестіктің мойнында. Ауы­лда жас мамандар үшін екі қабатты тұрғын­ үй жөнделіп, жылумен қамтамасыз етілді.­ Спорт зал, дүкен, наубайхана­, 300 орындық дәмхана жұмыс істейді. Қыс­ айларында ауыл көшелері қардан тазартыл­ып, жаздыгүні кұм-тас төселіп, тұрғындар­дың қатынауына жағдай жасалынып тұрады.

 Серіктестік ауылдағы­ мәдени-әлеуметтік нысандарды ұстауға да­ үнемі көмек көрсетіп келеді. Зейнеткерл­ер мен бюджеттік мекемелердің қызметкерл­еріне тегін шөп түсіріп беріп, басқа да ­көмек-қолдау көрсетіп тұрады. Ауылда жұм­ыссыз адамның болмауы серіктестіктің хал­ыққа көрсетіп отырған ең үлкен қамқорлығ­ы екендігі анық. Мұнда атаулы көмек ала­тын, кедейшілік шегінде өмір сүретін бір­ де бір отбасын кездестірмейсің. Темірла­ндықтар тарапынан қолға алынып отырған м­ұндай әлеуметтік қадамдар ауыл адамдары ­үшін айтарлықтай қолдау әрі Елбасы Жолдауында айтылған ауыл шаруашылығын да­мыту жайына үлкен көңіл бөлініп отырғанд­ығын байқатады.

 -Түгін тартса майы шығатын құнарлы жерде­ тұрып, өз билігіміз, өз байлығымыз қолы­мызда тұр­ған кезде, басқасы басқа, ал ауыл шаруашылығы мен а­уылдағы ағайынның жағдайы дұрыс болғаны маңызы. Сондықтан,  ауылдың әлеуметтік мәселелеріне жете көң­іл бөлу, сол жерде шаруасын дөңгелетіп отырған кез -келген шаруашылық басшысының тікелей міндеті деп ойлаймын- дейді серіктестік дире­кторы Ерлан Алин.­

"Қамшы" сілтеді

Дереккөз: ҚазАқпарт

Қатысты Мақалалар