Алматы қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы болып өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіров тағайындалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Серік Ғабдуллаұлы Әубәкіров 1965 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. КСРО ІІМ Алматы өртке қарсы техникалық училищесін бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. Соңғы атқарған қызметі – ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.