Ақтөбеде әскери прокурор өзін тонағандарға кешірім берген

/uploads/thumbnail/20170708201734183_small.jpg

Сотта әскери прокурор өзін тонаған күдіктілерді қамауға алмауды сұраған. Бқл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе қаласында әскери прокурор таксиден түсіп үйіне бара жатқан жерінде белгісіз екі жігіт қолындағы сөмкесін алып қашқан. Прокурордың қолды болған барсеткасында сол кезде 50 мың теңге мен 1000 АҚШ доллары және прокурордың қызметтік куәлігі болған.

Көп ұзамай ұрылар қолға түсіп, олардың әлдебір ЖШС-ның 25 жастағы жұмысшылары екені анықталды. Ұсталғандар өз кінәларын мойындап, тоналған ақшаны иесіне қайтарған. Аталған іс бойынша сот барысында жапа шеккен прокурор ұсталған жігіттердің жас екендігін және келтірілген шығынның жоқтығын ескеріп, соттан оларды бас бостандығынан айырмауды сұраған. Алайда, прокурордай емес, судья қаталдық танытып, екі жігітке 4, 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын кесіп берген.

 

Қатысты Мақалалар