Тарыққандар дене мүшелерін сата бастады

/uploads/thumbnail/20170708201812074_small.jpg

Қазақстанда адамның дене мүшесін заңсыз сату оқиғалары тіркелуде. Бұл туралы «Қамшы» порталы «КТК» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

40 жастағы Алматы тұрғыны қарызға батып, содан құтылудың дене мүшесін сатудан басқа жолын таппаған. Интернет арқылы сатып алушы іздеп, бір бүйрегін саудаға салған.

Іздеген адамы Астанадан табылған донор істі көп созбай науқас қызы үшін бүйрек іздеген келіншекке бір бүйрегін 4 миллион теңгеге алып береді. Алайда, сатып алушы операция аяқталысымен теріс қылық танытқан. Келісілген соманы бергісі келмеген ол күнде «ертеңмен» есептесуден қашқан. Тіпті, ақшасын сұрай берген донорды ауруханадан шыққан соң соққыға жыққан. Амалы құрыған донор полицияға шағымданып отыр. Ішкі істер органдары адамның дене мүшелерін заңсыз саудалау оқиғасы бойынша тергеуді бастап та кетті.

 

Қатысты Мақалалар