Қазанның 29-ынан бастап АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Орталық Азия елдерін шарлап өтіп, дүйсенбіде Қазақияға келеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Азаттық» радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
Негізі Қазақ еліне бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшыларынан 2005 жылы Кондолиза Райс, 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитіне Хиллари Клинтон келген. Ал Джон Керри қарашаның 1-3 күндері Астанада болып, Қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі және стратегиялық серіктестік бойынша комиссия отырысына қатысады деп жоспарланған.
Ресми ақпарат құралдарының хабарлауына қарағанда, бұл – Джон Керридің Орталық Азияның бес еліне жасайтын алғашқы сапары. Керри Самарқандта осы аймақ елдері сыртқы істер министрлерінің жаңа С5+1 форматындағы кеңесіне қатысады.