«Трамвай депосын жабу туралы мәселе қойылып отырған жоқ» (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708201858450_small.jpg

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек трамвай депосының жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдағаннан соң, мәселенің мән-жайын жұртшылыққа түсіндіру мақсатында «Алматыэлектркөлігі» ЖШС-да баспасөз өкілдеріне арналған брифинг өтті. Брифингте компания басшылығы депоны біржола жабу мәселесі қойылып отырмағанын айтты. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Компания басшысы Төреәлі Төлегеновтің айтуынша, соңғы уақытта орын алған жол апаттарынан соң депо жұмысы, трамвай жолдары кешенді тексерістен өткен. Сол тексеріс қорытындысы бойынша, трамвай жолдарының ахуалына байланысты бірқатар кемшіліктер анықталған.

Қалалық әкімдік өкілі, көлік басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Әділов болса, жақын күндері трамвай көлігін пайдаланудың бұдан әрі қарайғы маңызы бар ма деген мәселенің қаралатынын айтты. Бұл ретте экономикалық мәселелермен қатар, тұрғындардың да пікір, ұсыныстары ескерілмек.

Қатысты Мақалалар