АҚШ-тың Мичиган штатында 83 жастағы зейнеткердің үйіне Ford Mustang көлігі келіп «қонған». Бұл туралы «Қамшы» порталы korrespondent.net – ке сілтеме жасап хабарлайды.
Үй иесі теледидар көріп отырып, тарс еткен дауыс етіген. Теледидарды сөндіріп, сыртқа шыққан ол үйінің төбесінде машинаның тұрғанын көрген.
Кейін көлік рөлінде гипогликемиямен (қан құрамында қант жетіспеушілік) ауыратын жүргізуші отырғаны анықталды. Жол бойында талмасы ұстап қалғаны жүргізушінің көлігі басқарусыз трассадан ауытқып, төменде орналасқан үйлердің бірінің төбесіне шығып кеткен.