Осы аптада Қазақстан Републикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары жоспраланған. Бұл туралы «Қамшы» порталы 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тұманды Альбион еліне сапарында Президент Н. Назарбаев осы елдің Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен келіссөз жүргізеді. Сонымен қатар, Ұлыбритания ханшайымы ІІ Елизаветамен кездесу жоспарланған.
Осы ретте, мұндай құрмет әлемдік көшбасшылардың көбіне бұйырмағанын айта кеткен жөн. Осы сапар барысында Еуропаның ең бай отбасыларының өкілі лорд Ротшильд Қазақстан Президентімен әлемдік экономика мен саясаттың жай-жапсарын талқыламақ.