Елбасы Н. Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары аясында бүгін Біріккен корольдік патшайымы ІІ Елизаветамен кездеседі. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Кездесу барысында екі ел арасында экономикалық қарым-қатынасты дамыту жайы мен әлемде болып жатқан шиеленістер сөз болады деп күтілуде.
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания патшайымымен 2012 жылы Лондонға сапары барысында жүздескен болатын.

Біләл Қуаныш
Лондон