«Эйр-Астана» Лондонға аптасына бес рет қатынайтын болады

/uploads/thumbnail/20170708202103045_small.jpg

Ендігі уақытта отандық тасымалдаушы «Эйр-Астана» компаниясының ұшақтары Лондонға аптасына бес рет ұшатын болады. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ұлыбритания Премьер-министрімен кездесуден соң журналистерге арнап өткізген брифингте мәлімдеді.

«Біз бүгін «Эйр-Астана» Лондонға аптасына бес рейс жасайтын келісімге қол жеткіздік. Бұл бизнес үшін өте маңызды шешім», - деді Елбасы өз сөзінде.

Президент Н. Назарбаевтың Ұлыбритания сапары аясында кеше екі ел арасында жалпы құны 13 миллиард долларды құрайтын 46 келісімге қол қойылды. 

 

 Біләл Қуаныш

Лондон

 

Қатысты Мақалалар