Жылына 10 мыңға жуық бала дүниеге келетін орталық

/uploads/thumbnail/20170708202129374_small.jpg

Адам баласы жарық дүние есігін аш­қанда қасында болып, қамқорлықпен қолына алатын – акушер-гинеколог дә­рігері. Оңтүстік Қазақстан облыс­тық №1 перзентханада әрбір күні жаңа адам өмірге келеді.
Жаңа дем, жаңа дауыс... Бұл ғимаратта мыңдаған әйел ана болу бақытына бөленген. Сексен жылға жуық тарихы бар ғимаратта қа­зірге дейін талай нәрсе өзгерген, бұл жерде өзгермеген бір-ақ нәрсе бар, ол – жаңа адамның өмір есігін ашуы. 
Бүгінде №1 облыстық перинатал­ды орталық аймақтағы жас нәрес­те­лер­дің өмірге келуі жөнінен көшбас­шылар­-дың бірі болып саналады. Бұл жерге жедел көмек алып, өмірге ұрпақ әкелуге облыстың 12 ауданынан нәзік жанды­ларымыз келеді. Орталық қыз­мет ат­қара бастаған алғашқы жылдар­дан бері 250 мыңнан астам нәрестені өмірге әкеліп, 150 мыңнан астам ота жасалған. 
Бұл мекемеде алғашқы сәби 1935 жы­лы өмірге келген. Ол кездері бұл аймақтағы акушерлік-гинекология­лық қызмет көрсететін алғашқы және жалғыз мекеме болатын. Бар болғаны 30 төсектік, оның 12-сі акушерлік, 18-і гинекологиялық төсек болды. 1946 жы­лы 100, 1950 жылы 120 төсек қойылып, қызмет ауқымы көбейе түсті. 
Бүгінде №1 облыстық перинатал­ды орталық Оңтүстік Қазақстан об­лы­сындағы ең ірі, ал Қазақстан бойын­ша үшінші перзентхана болып саналады. Оның қорында 356 төсек бар. Бұл меке­меде қазіргі таңда 600-ден астам адам еңбек етеді. Жаңа медициналық құрал-жабдықтар мен заманауи емдеу техно­логиялары қолданылады. Қазір бұл мекемеде қызмет көрсету түрі де сан алуан. Ең алдымен бұл жерде жүкті әйелдерге, денсаулығы тәуекелдік тобына жататын және салмағы өте төмен нәрестелерге арнайы медици­налық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ репродуктивті денсаулық, отбасын жоспарлау мен медициналық генетика жө­ніндегі сұрақтарға жауап беретін кеңес беру-диагностикалық жұмыстар жүргізіледі. 
№1 облыстық перинаталды орта­лығында жылына 10 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Әр баланың өмірге келуі күрделі үдеріс, әрқайсысына жеке-дара бап керек. 
Бұл орталық әу баста әйелдер мен балаларға босанғанға дейін және бо­санғаннан кейін медициналық бақылау жасау үшін құрылған. Бүгінде оның негізгі қызметінің бірі облыстың бар­лық аймағынан мерзімінен бұрын бо­сануға келетін әйелдерге қызмет көр­сету. Әлемдік статистика бойынша мұн­дай жағдай жалпы санның 4-5 пайы­зын құрайды екен. Ал бұл перинатал­ды орталықта мерзімінен бұрын бо­сану жағ­дайы 15 пайызға дейін жетеді екен. 
– Акушер-гинеколог дәрігердің ең басты жауы –пациенттен қан кету жағдайы. Бұл кезде ана мен баланың өмірі­не бір сәтте-ақ қауіп төнуі мүмкін. Мұндайда шұғыл және сауатты қадам жасай білу керек. Ана мен оның құр­сағындағы шарананы аман алып қалу үшін мұндайда тұтас бір бригада жұ­-мыс жасап, пацинеттердің өмірі үшін қанша уақыт күресу керек болса тәу­ліктің кез келген уақытында, демалыс және мереке күндері де аянып қал­майды. Осындай жағдайлар үшін ба­рынша мүмкіндіктер жасалған. Толғақ қысқан келіншекті шалғай ауылдардан жеткізе алмай қалған жағдайда, егер аудандық медицина қызметкерлеріне онлайн режимінде кеңес беру қажет болса, біз дереу байланысқа шығамыз. Сосын қажет болған жағдайда, ана мен баланы санавиация арқылы бізге жет­кізеді. Мұнда олармен жұмыс жасап, ана мен баланың жағдайын жақсартуға барынша атсалысамыз.
Жүкті әйелдер мен балада тұ­қым­қуалаушылық аурулары белгілері ба­-ры-жоғын анықтау үшін генетикалық скрининг жасайтын облыстағы жал­ғыз медициналық генетика бөлімі осы ор­талықтан ашылған, – дейді №1 об­лыс­тық перинаталды орталықтың бас дә­рігері Мәдина Көкенова.
Облыстық перинаталды орта­лық – аудандар мен қаладағы мед­қыз­мет­керлерді акушерлік, гинеколо­гия­лық, неонаталогиялық және отбасын жос­пар­лау сияқты тәжірибелік дағ­ды­ларды үйретудің оқу базасы. Осы мақ­сатты жүзеге асыру үшін облыстық денсау­лық сақтау басқармасы үнемі жұмыс істеп тұратын тренингтік ор­та­лық аш­қан. Бұл орталық халықаралық үлгідегі сертификаты бар қажетті құ­рал-жаб­дықтармен жабдықталған. 
№1 облыстық перинаталды орта­лық оңтүстікқазақстандық әйелдерге жо­ғары дәрежедегі медициналық кө­мек көрсету үшін Астана, Алматы қа­ла­ла­рындағы ғылыми-зерттеу инсти­тут­тарымен, Каунас университетімен және басқа да шетелдік ғылыми орта­лықтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Іс-тәжірибеде жаңа тех­нологиялар қолданылады. 
Ең басты жетістік – аймақтағы ме­дициналық элитаны құрайтын қыз­меткерлердің біліктілігі. Кадрлық жа­ғынан №1 перинаталды орталық об­­-
лыстағы ең үздіктердің қатарында. Ор­талықта бүгінде 89 дәрігер жұмыс іс­тейді. Оның ішінде 5 жылға дейін еңбек өтілі барлар – 13, ал 5 жылдан ар­тық уақыт осы салада еңбек еткен­дердің қатары – 76. Осыдан-ақ орта­лықтағы медқызметкерлердің білік­ті­лігін анық аңғаруға болады. 70 дәрігер біліктілігі жөніндегі категорияға ие. 27 дәрігер жоғары категорияға, тағы 27 дәрігер І, ал 16-сы ІІ категорияға ие. Перинатал­-ды орталықта 318 орта медқызметкер­лер жұмыс істесе, оның 91-інің 5 жылға дейін, ал 227-сінің 5 жыл­дан артық еңбек өтілі бар. Демек, дәрігерлер мен орта медқызмет­кер­лер­дің басым бөлігі ұзақ жылдардан бері осы салада еңбек етіп келе жатқан бі­лікті мамандар. 
Жыл сайын дәрігерлер мен орта мед­қызметкерлер республиканың жә­-не ТМД мен басқа да шет мемлекеттер­дің алдыңғы қатарлы түрлі клиника­ла­рында арнайы және біліктілігін арт­тыру курстарынан өтеді. 
Тату, айрандай ұйып отырған ұжым ондаған жылдар бойы қалыптасқан. Орталықты әр жылдарда акушерлік са­ланың корифейлері А.Буванова, Т.Чва­лун, Г.Задиналар басқарған. Жергілікті дәрігерлердің еңбегі ауыр және жауап­кершілігі жоғары. Сондықтан көптеген науқастар өзін емдеген дәрігерін өмір бойы ұмытпайды. Жыл өткен сайын дәрігерлердің жаңа буыны алмасып оты­рады, бірақ орталықтың негізін қа­лаушылардың ұстанымдары мен дәс­түр­лері сақталып келеді. Бүгінде бұл дәстүрді орталықтың бас дәрігері Мә­дина Көкенова мен оның ұжымы жал­ғастырып келеді. Осында бірінші хи­рургиялық ота жасаған Ольга Ива­­нов-
наның еңбегін ешкім ұмытқан жоқ. 
Мәдина Үмбетқызы да тек қана әкім­ші және басшы емес, ол – тәжірибелі хирург. Оның басты ұстанымы «Болуға тиіс проблеманы жіберме, екі адамның өмірін сақтап қал». Тек қана жақсы дәрігер болу емес, жалғыз дұрыс ше­шім­ді шұғыл қабылдай білу де қажет. 
Әрбір пациент, әрбір медициналық жағ­дай дәрігерлердің жүрегінен өтеді. Өмірге бала келсе – бұл бәрі үшін қуа­ныш! Жаңа туған нәрсетені бұл жерде үлкен ықылас пен қамқорлық күтіп 
тұр, оның өз отбасына аман-есен же­туіне барлық мүмкіндікті жасайды. 2001 жылы №1 перинаталды орталықтың ЮНИСЕФ халықаралық ұйымы сарап­шыларынан «Балаға достық көңілмен қарайтын аурухана» деген ат алуы да те­гін болмаса керек. 
– Болашақ ана мен әке өз сәби­ле­рі­нің қамын олар дүниеге келмей тұрып ойлауы тиіс, – дейді Мәдина Үмбет­қызы. – Бұл күш-қайрат пен уақытты талап ете­ді. Бала құрсақта пайда болмай тұрып медициналық тексеруден өтіп, өзінің болашақтағы рөлін, нағыз ата-ана қан­дай болуы керектігін сезінуі тиіс. Ба­ланың ата-ананың қалауымен өмірге келуі де аса маңызды. Ең бастысы, бұл жерде болашақ ананың рөлі үлкен. Біз­дің аймақта бала көтеруге денсау­лығы жарамайтын аналар аз емес, бірақ олар­дың көбі қазір бала күтіп отыр. Олар мұндай денсаулықпен қандай ұрпақты өмірге алып келеді? Болашақ баласын жақсы көру үшін ана алдымен өзін жақсы көруі тиіс. Осындай жағдайда ғана ол өзіне де, денсаулығына да жа­уап­кершілікпен қарайды. Мұндай жағдайда бала да өмірге кездейсоқ кел­мейді, барынша ойластырылған және дайындалған қадамның арқасында пай­да болады. Міне, бұл – нағыз ата-ана бақытының кілті болмақ.
1998 жылы орталыққа «Қазақстан республикасы Ұлттық генетикалық ре­гистрі» компьютерлік бағдарламасы ен­гізілді. Бұл бағдарлама бойынша Ең­бек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне медико-генетикалық қыз­мет орталығы мен облыстың есептік мәліметтері электронды пошта арқылы жіберіліп тұрады. 
Халықтың денсаулығы – мемле­кет­тің ең маңызды әлеуметтік және эко­номикалық әлеуеті. Ал бұл міндетті абы­роймен атқаруда ана мен бала ден­саулығы басты назарда болуға тиіс. 
Мәдина Үмбетқызы өмірлік ақыл­шы­сы өз анасы екендігін айтады. Кез келген жағдайда ол анасымен ақыл­да­сып, мәселені оңтайлы шешуге тыры­сады. Ол «Анам мен үшін мейірімділік пен нәзіктіктің, кешірімшілдік пен ақылдылықтың үлгісі» дейді. Мәдина Көкенова бүгінде Құдай қосқан қосағы екеуі қос қыз тәрбиелеп отырған ба­қыт­ты отбасы.

Дереккөз: Айқын-ақпарат

Қатысты Мақалалар