Жапон қызының хаты

/uploads/thumbnail/20170708202126921_small.jpg

Сәлеметсіздер ме? Менің атым Кодзаса. Токиода оқимын. Мен қазір қазақ тілін үйреніп жүрмін. Жақында қазақ ақыны Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына қатыстым. Алматы облысы, Қарақыстақ ауылында өткен той өте тамаша екен. Бұл тойдан мен мол тәжірибе жинадым. Бұл той менің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігімді арттыра түсті. Сүйінбай Аронұлының тойына үкімет қызметкерлері, атақты жазушылар жиналыпты, ал жапон студенттерінің бұндай тойға қатысуы алғаш рет. Кеңес Одағының қалдығы болар, Қазақстанда қазірдің өзінде орыс тілі кеңінен қолданыста, алайда бұндай дәстүрлі үлкен тойларда ел тек қазақ тілінде сөйлейді екен. Сахнада өнер көрсеткен дәстүрлі бишілер, домбырашылардан бөлек, үкімет адамдары мен Жазушылар Одағының өкілдері, Сүйінбайдың ұрпақтарының қазақ тіліндегі баяндамалары  бірінен кейін бірі жалғасып жатты. Қазақтың ұлттық тағамдарының мен үшін орны ерекше. Әсіресе, қуырдақ пен палау... Мен қазақ тілін үйреніп алған соң қазақ тойы жайында еңбек жазғым келеді.

 

Сәлеммен, Кодзаса Мидзуки

 

Қатысты Мақалалар