Нұрсұлтан Назарбаев Тони Блэрмен кездесті

/uploads/thumbnail/20170708202139890_small.jpg

Қазақстан Президенті Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-Министрі Тони Блэрмен кездесті. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Кездесуде инвестиция саласындағы ынтымақтастық мәселелері мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан Президенті ұсынған іс-қимыл бағдарламасы елімізге әлемдік экономикада қалыптасқан ахуалды тиімді еңсеруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Тони Блэр – британдық саясаткер, лейбористік партияның бұрынғы көшбасшысы, Ұлыбританияның 73-Премьер-министрі. Лейбористер арасында партия жетекшілігінде ең ұзақ болған саясаткер.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық реформалар жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Біләл Қуаныш

Лондон

Қатысты Мақалалар