Елбасының Францияға ресми сапары басталады

/uploads/thumbnail/20170708202159546_small.png

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Франция астанасы Парижге барды. Бүгін Елбасының Францияға ресми сапары басталады. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Президент Парижде Франция президенті Ф. Олландпен кездесіп, саяси, іскер топ өкілдерімен келіссөздер жүргізеді, бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Сонымен қатар, Н. Назарбаев ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясына қатысады.

Президент Н. Назарбаев Парижге Лондоннан ұшып келді. Онда Елбасы Ұлыбритания Патшайымы ІІ Елизавета, Премьер-министр Д. Кэмеронмен, басқа да мемлекет қайраткерлері, іскер топ өкілдерімен кездесу өткізіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, құқықтық қарым-қатынастарды реттейтін бірқатар келісімдерге қол қойды.

Біләл Қуаныш

Париж

 

Қатысты Мақалалар