Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 300 теңгеден асты. Бұл туралы «Қамшы» порталы Kurs.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ валютасының мұндай құны Алматыдағы ақша айырбастау орындарында сағат 10.50-дегі жағдай бойынша тіркелді.
KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 298,92 теңге болды. Бірінші келісім 291 теңгемен жасалды. Ең жоғары баға - 300. Сауда көлемі 100,8 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 22 мүшесі қатысты.
Сондай-ақ, ЕУРО-ның да бағамы 328 теңгеге көтеріліп отыр.