Ұлтымыздың болашағы- бала. Оның тәрбиесі мен тағдыры, ұрпақ келешегі. “ Ел болам десең-бесігіңді түзе.”- деген дана халқымыз бала тәрбиесіне бей жай қарамаған. Елдің ертеңгі тірегі – жастар. Олар заман талабына сай әдіс – тәсілдермен тәрбиеленуі тиіс. Заман осы екен деп батысқа еліктеп кетудің де қаупі бар. Десек те, жаңа әдістермен қоса ұлттық мүддені де сәби санасына сіңдірген жөн. Миы тез қабылдағыш XXI ғасыр баласына ата-анадан өзге, сыртқы ортаның, үлкен-кішінің бір-біріне деген қарым-қатынасын ұғындыруда тәрбиешілердің де алатын орны ерекше. Айналада болып жатқан құбылыстарды көргісі, білгісі келеді. Баланың физикалық дене бітімімен қоса моральдық, психологиялық қалыптасуына әке-шеше тәрбиесімен ғана шектелу аздық етеді. Осы тұста дұрысы арнайы мамандар, Тәрбиешілер көмегіне сүйенген абзал. Адам өмірінің алғашқы мектебі- бала-бақшаны ерекше атап өтуге тиіспіз. Бала-бақшаға баратын бала еркін, қоғамда өз орнын біліп, сезініп, ойын ашық айтып өседі. Мүмкіндігінше барлық дерлік бала, бала-бақшаға барғаны дұрыс. Бұл орайда Республикамыздағы бала-бақшаларға тоқтала кетсек.
Тәрбие негізі отбасынан бастау алады. Бала-бақша болашақ өмірге жетелейді, қоғам санатына қосады. Мемлекетімізде жалпы есеппен алғанда 600-ге жуық мемлекеттік және жеке меншік бала-бақша бар. Олардың мақсаты, жақындары аманат етіп кеткен баланың уақытын тиімді, көңілді өткізіп, баланы тәрбиелі етіп даыйндау. Жақсы мен жаманды айырып көрсету, тиісті білім беру. Баланың даму процесіне ықпал ету. Бұл тұста сізге екі бала-бақша түрі ұсынылады: -бірі мемлекеттік, арзан болса,
-екіншісі жеке мешік қымбат бала-бақша. Таңдау өз қолыңызда.”Көрпеңе қарап, көсіл ”- дейді қазақта. Қалтаң көтерсе қымбатына, көтермесе арзанына бересің. Жеке тоқталар болсақ, Алматы қаласында – 174, ел ордамыз Астанада- 64, Шым қала Шымкентте- 110 т,б бала-бақша бар. Әрине жеке меншік бала-бақшалар жоғарғы дәрежеде қызмет көрсетеді. Жұмсақ жылы диван, әдемі төсемелі алашалар,жаңа техникамен қамтамасыз етілген. Ол жақта күтім де өзгеше. Қаржысы жеткен ата-ана өз баласын жеке меншік бала-бақшаларға береді. Айлық төлеміне келетін болсақ, әр түрлі сандарды естіп шошып кетпеңіз. Қазақстан неткен бай еді деген ойда қаласың. Мысалы, “Солнышко”бала-бақшасы 4 ірі қалада бар. Орыс та қазақ та топтары бар. Өкінішке орай орыс тілді топтардың бала саны анағұрлым көп, қазақ топтарымен салыстырғанда. Өзіміздің қара домалақ қазақ балалары да осы орыс топта кездеседі, орысша сайрап тұр. Енді айлық төлемге келсек, айына 70 мың теңге. Балаңыз күніне 4 рет тамақтанады, 2-сағат ойнайды, 2-сағат сурет немесе ән-күй сабағын өтеді. Келесі ретте ол “Балдырған” Алматы мен Астанада ғана бар бала-бақша. Мұнда бала күніне 5 рет тамақтанады, ойнайды, массаж да бар, оған қоса орыс,ағылшын, қазақ тілдерін үйретеді. Қаласаңыз балаңызға жеке күтуші, тәрбиеші береді, Қазіргі жастар тілімен айтқанда ВИП. Төлемі де аз емес, бар болғаны айына 180 мың теңге. “Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы ”-дегендей ауқатты қауым баласын осы іспеттес бала-бақшаға береді. Қалтаңыз көтерсе сіз де бересіз. Ал қарапайым қазақ үшін мемлекет ұсынатын , кезекті жылдап күтетін мемлекеттік бала-бақша тағы бар. Мемлекет бүкіл жағдайын жасаған, қажет дүниемен қамтамасыз еткен , бірақ бала саны көп. Күніне 3 рет тамақ береді, мемлекет ұсынған бағдарламалар мен әдістерді қолданады. Төлеміне келер болсақ ең арзан дегені Алматы қаласында, Өжет ықшам ауданында , құны 25 мың теңге, бір күн төленбей қалса не кешігіп төлесең баланы көкірегінен итеріп, кіргізбей қояды. Заң жүзінде мемлекттік бала-бақшаға айлық төлем 9 мың теңге 62 доллар. Мега полисіміз Алматыда 15-20 мың теңге дейін 102 -117 доллар.Ал ОҚО, Жамбыл, Қызылорда обылыстарындағы қалашықтар мен ауыл аймақтарда 4 мыңнан 6 мыңға дейін 20- 40 доллар деп бекітілген . Бірақ оны орындап жатқан басшы жоқтың қасы. Мемлекеттік бала-бақшаның жыры көп. Себебі бала дүниеге келісімен ақ, мектепке дейінгі тәрбие бөлімшесіне тіркеуің керек. Ол тіркеудің кезегін күту тағы бар. Республикамыз бойынша жылына бала-бақшаға 390,8 мың өтініш түседі. ОҚО –да 45,8 мың адам. 2-ші орында Астана- 46,8 мың .3 орында Алматы- 45,8 мың. Қысқасы бала 2-3 ке келгенше кезегің келеді. Адам саны көп болса 3-4 жыл күтуге тура келеді. Балаңыз тиесілі жастық мөлшерден асады. Сондықтан қарапайым халық жеке бала-бақша көмегіне жүгінуге мәжбір. Ал ол аз ақша емес!
Бізде шет елмен салыстырғанда төлем өте қымбат. Алысқа бармай ақ, көршілес Ресейде ең жақсы даген жеке бала бақша күніне 500 рубль ол біздің теңгеге шаққанда 2100 теңге. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек елімізде Алматы бойынша орта есеппен халықтың айлық көрсткіші 76 мың теңге. Астанада – 138 мың, ОҚО- 79 мың теңге. Жеке бала –бақша құнын орта есеппен шығарған тиімдірек болады. Мүмкін сонда баға түзелер. Баланың риасыз күлкісі күнның нұрына тең . Балалардың жүзінен күлкі кетпесін. Ең дұрысы әр қазақты тәрбиелеген, жетелеген ауыл .Ата- әже тәрбиесі, керемет бала-бақша ұлттық тәрбиемен сусындаған қара домалақ бала- ертеңгі білімді, білікті азамат. Ел болашағы.
Дереккөз: http://massaget.kz/