Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Францияға ресми сапары барысында осы елдің экономисі Жак Атталимен жүздесті. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Кездесу барысында ғаламдық нарықтағы жағдай, әлемдік экономикадағы дағдарыстық тенденцияларды еңсеру жолдары мен Қазақстанның қалыптасқан осы ахуалдағы іс-қимыл бағдарламасы – Бес институционалды реформа, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сөз болды. Сонымен қатар, тараптар Қазақстандағы инфрақұрылымды қайта құру перспективаларын да әңгімеге арқау етті.
Жак Аттали – көрнекті француз экономисі, жазушы, ірі саяси қайраткер. Ондаған ғылыми, саяси еңбектің авторы.
Біләл Қуаныш
Париж