Жастарды Қарулы күштер қатарына шақыру аяқталды

/uploads/thumbnail/20170708202606097_small.jpg

Қазан айының 1 күні басталған азаматтарды мерізімді әскери қызметін өтеуге шақыру аяқталды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды.

Қазан айында басталған әскерге шақыру науқаны кезінде Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне 4 мыңға жуық жас сарбаз жіберілген. Жалпы, биыл күзде жоспар бойынша 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыңнан астам ер азамат әскерге шақырылған. Олардың 4 мыңға жуығы Қарулы күштер сапына алынса, 2 мыңға жуығы ҰҚК Шекара қызметіне, 6 мың 500-ден астамы ІІМ Ұлттық ұланына, 300-ге жуығы Мемлекеттік күзет қызметіне алынған. Қазіргі кезде жас сарбаздарды тиісті бөлімдеріне жөнелту жалғасып жатыр.

Қатысты Мақалалар